Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы үздік жарияланым байқауының жеңімпазы алтын құймаға ие болады

Қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы үздік жарияланым байқауының жеңімпазы алтын құймаға ие болады

Қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы үздік жарияланым байқауының жеңімпазы алтын құймаға ие болады

Қазақстандық БАҚ пен блогерлар арасында мемлекеттік тілді меңгерудің мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бірінші дәстүрлі үздік жарияланым байқауы іске қосылды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Жеңімпаз 50 грамм салмағы бар алтын құйма мен ақшалай жүлдеге қол жеткізеді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді игеру мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату және халықтың қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын арттыруға ат салысу.

«Қазақстанның Медиа Альянсы бұл байқауды түрлі себеппен қолдап отыр. Менің ойымша, қазақ тілін игерудегі басты түйткілді мәселе – дұрыс әдістемеліктің жоқтығы. Тиімді жолдар көрсетілмеген соң, мемлекеттік тіл де меңгеріліп қарық болып жатқан жоқ», – дейді Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Әділ Жәлелов.

Байқауды ұйымдастырушылар қазақ тілін игерушілер арасында тәуелсіз сарапшылар жүргізген зерттеуге сүйенген. Сауалнамаға қатысқандардың 79%-ы білім мекемелерімен қатар мемлекеттік тілдің дамуына БАҚ та орасан үлес қоса алады деп санайды екен. Сонымен қатар, респонденттер қоғамдық институттар (шамамен 51%) мен бизнестің де (шамамен 63%) аталған процесте маңызды рөл ойнайтындығын атап көрсетті.

«Бізге тілдің қалай дамып жатқандығы, қандай әдістемеліктердің, қандай оқытушылардың бар екендігі туралы ақпарат жетпей тұрғандай болып көрінеді. Тіл үйренудің іш пыстырмайтынын, керісінше оның тартымды екенін, қызықты екенін көрсету керекпіз. Байқауды тұрақты түрде өткізу ойымызда бар, келесі жылы жаңа форма, жаңа аудиториямыз болады деп үміттенемін», – дейді «Арнау» тіл мәдениетін дамыту орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Арнұр Мамытбеков.

Байқау әділқазылары мақала, видеосюжет, фоторепортаж, блог жазбасы және инфографика форматтары бойынша келіп түскен жұмыстарды қарастырады.

Әр автор немесе авторлар тобы таңдалған номинация бойынша бір жұмыс ұсына алады. Үміткерлер материалдары «Мерзімді баспасөздегі үздік жарияланым», «Online БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Үздік блог жазбасы», «Үздік видесюжет», «Үздік фоторепортаж» атаулары бойынша сынға түседі.

Байқау жұмыстары қатарына қызықты әдістемелер туралы ғана емес, қазақ тілін меңгеруде өзгелерге көмек беріп жүрген тұлғалар жайында сөз қозғайтын жарияланымдар да кіре алады.

Байқау 2012 жылдың 1 сәуірі мен 31 қарашасы аралығында өткізілмек. Шараға 2012 жылдың 1 наурызы мен 1 қарашасы аралығында қазақ немесе орыс тілдерінде жарық көрген материалдар қабылданады. 2 қарашадан кейін сараптамалық кеңес байқау қорытындысын шығарады.

Толығырақ "Арнауда".

kk.kloop.kz

1632 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 18 сәуір 2012, 14:46
Тегтер: қазақ тілі, байқау, тіл меңгеру, репетитор, оқытушы, алтын, ақша, престиж, білім, Қазақстан
Пікірлер
+0
18 сәуір 2012, 14:57

Сонда 50 грамм алтын неше тг.болады???? Мысал үшін???

+0
18 сәуір 2012, 15:04

Если ответить коротко,то:
1 грамм золота = 6 354,27 тенге.

Если ответить подробнее,то..
Поскольку В Казахстане пока отсутствует своя, Казахстанская Биржа Драгоценных Металлов, то В Казахстане ориентируются на Российскую Биржу драгоценных Металлов.( РБДМ).
По данным РБДМ на 22-24 января 1 грамм золота = 1 296 рублей и 79 копеек.
Официальный курс обмена Казахстанского тенге ( KZT ) к Российскому
рублю ( RUB) на 22-24 января:
1 RUB = 4,.90 KZT,
Поэтому: 1 296,79 RUB x 4.90 KZT = 6 354,27 KZT ( тенге )
Стоимость золота: http://gold.investfunds.ru/indicators/
Обмен тенге/ рубль = http://kurstenge.kz/

Мыннан алынды: http://otvet.mail.ru/question/51905819/

+0
18 сәуір 2012, 15:05

Короткосы да жеткілікті болды :x

+0
18 сәуір 2012, 15:07

317 713, 5 теңге - 50 грамм. :lol:

+0
18 сәуір 2012, 15:15

бұ ғандай байқоу? ;)

+0
18 сәуір 2012, 15:22

Бу ошондай байқау

+0
18 сәуір 2012, 15:27

уздыктермен коса нашарларды да кабылдайды ма кен? :mrgreen: женылдын асты, ауырдын усты деп ен нашар макала, сурет табамыз гой .. тек кана 49 грам алтын 900 000 тенге жулде болса :roll:

+0
18 сәуір 2012, 16:19

Идеясы жақсы екен.

+0
18 сәуір 2012, 18:16

Жақсы екен... Тек, періште алтын көрсе жолдан таяр дегеннің кері келмесе болғаны.

+0
19 сәуір 2012, 00:55

Періште алтынды нағылсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев