Исландия ғажайыбының сыры
жеке
блог

Исландия ғажайыбының сыры

 Осы Еуродода басталарда футбол жанкүйерлерінің көбі Исландия құрамасын аутсайдерлердің қатарына қосқаны анық. Тек 321 857 исландық қана оларға сенген болатын. Исландия жанкүйерлеріндей футболшыларға деген  құрметті, олардай үйымшыл, бірлігі мықты жанкүйерді еш жерден көре алмасыңыз анық. Дегенмен Исландия футболының осындай тамаша табысқа жетуінің сыры неде? Осы сұрақ көптеген футбол жанкүйерлерінің көкейінде жүрген шығар. Бір жағынан бұл біздің Қазақстандық футболдың айналасында жүргендерге үлгі болуы тиіс.

  Тарихқа жүгінсек бұл ел 2-ші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста, нақты айтсақ 1944 жылдың 17-ші маусымында Даниядан өз тәуелсіздігін алған. Сол кездерде исландықтар жылына небәрі 4-5 ай ғана футбол ойнай алатын болған. Бұған себеп қатал табиғат. Жаңа XXI ғасырдың басында исландық шенеуніктер, табиғаты өздеріне ұқсас норвегтік туыстарының футболдағы үлгілеріне көңіл аудара бастайды. Нәтижесінде гейзерлер мен вулкандардан құралған шағын аралда 8 жабық стадион, 20 шақты синтетикалық алаңы бар манеж, және әрбір мектептің жанында шағын футбол алаңы салынды. Манеждер клубтарға тиеселі болған жоқ. Ол әкімшіліктің қарамағында болды, және де мұнда жыл он екі ай исландықтар футбол ойнай алды. Алаңдар пайда болғаннан кейін кәсіби мамандарға деген сұраныс артты. Осыдан кейін исландық жаттықтырушылар УЕФА лицензиясын алу үшін арнайы оқытылды. Қазір Исландияда 700-ге жуық бапкер бар. Шамамен 1 бапкерге 500 адамнан келеді. Олардың 23 пайызы А категориялы, яғни кез келген еуропалық клубтардың штабында көмекші бола  алады. Футболды үйрену Исландияда жылына  300-500 еуро тұрады. Оқудың құны жас ерекшелігіне қарай өседі. Түскен ақшаның барлығы мамандар мен алаңдарға жұмсалады. Балаларды екі топқа бөліп: жақсы ойнайтындар мен нашар ойнайтындарға бөліп жаттықтырады. Олар 12 жасқа дейін топқа бөлінбейді. 

P.S. Осы еуропа чемпионатына Исландия халқының 8 пайызы билет алған. Олардың қатарында Исландия президенті Рагнар Гримссонда бар. Ал оның жұбайы Португалиямен матчтан соң ойыншылардың аяғына массаж жасаған.