Білімді- мыңды жығады

Білімді- мыңды жығады
жеке
блог

        Білекті - бірді жығады 

       Білімді- мыңды жығады,- деп дана халқымыз атқандай, білім- жеңілмейтін қару. қараңғы түнде адастырмас жарық жұлдыз.  Адамзатқа рахым, мейірім ретінде берілген аса бағалы сый- білім. Адамдардың жануан, хайуанаттардан айырмашылығы сол, білім үйреніп, ғылым ізденуінде. Білім - тақтан да қымбат асыл қазына.  

            Бұл оқу тамақ болар қарын ашқанда. 

            Жол табар қараңғыда адасқанда,- дегендей білім тек рухани қазына емес, асыраушысы, қамқоршысы. 

       Бұл өмірден кімдер өтіп, кімдер өтпеді?  Байда өтті, жарлы да өтті, хан да өтті, қара да өтті, надан да өтті, данышпан да өтті. Біз қазір осылардың арасынан кімдерді іздейміз? Әрине, данышпан, дара, дана, білімді адамдарды іздейміз!    Адамзат атым бүкіл төрткүл  ғаламға жайылсын, бүкіл адамзат мені іздесін, маған бас ұрсын десе, білім үйреніп, ғылым ізденуі керек дер едім.   Біздердің арамыздағы ең абзалы білім үйреніп, оны үйреткеніміз.    Ендеше, адамзаттың асылы болуға, есімімізді осы ғаламда мәңгі қалдыруға асығайық! Біліммен қаруланған адам ешқашан жеңілмейді! Білімнен мықты қару жоқ!