Әкеге арнау
жеке
блог

Әкеге арнау

Өмірім - аспан, сен - Күнімсің жарық,

Тұрасың мәңгі алаулап жанып.

Өзіңсіз, әке, атар ма еді таңым

Жылу мен тәтті бақытқа қанып?!

 

Тауымсың, әке, биіксің көктен,

Гималаиға арман, шаңыңа жетсе.

Көңіліңде сенің әрдайым көктем, 

Келсе де күз, қыс тұрады көктеп.

 

Киелі Жерсің - тіршілік көзісің.

Суым да, ауам да - бәрі де өзіңсің.

Нәр берген бойыма қиналған сәттерде,

Сабыр мен қаһарлы төзім де өзіңсің!

 

Мен - халық, сен Патшам, жауымыз күйінсін,

Ақыл мен ерлікке шақырған биімсің.

Қандай ұяға ұшсам да, әрқашан ұмытпа,

Әкешім, сен менің ең ыстық үйімсің!