Театрға барайық!

Театрға барайық!
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, Массагет ойын-сауық порталы қолданушылары!

Өздеріңізді тағы да бір кешті Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрында өткізуге шақырғым келіп отыр. Келе жатқан бейсенбі күні театр ұжымы осы театрда маңдай алды әнші болған, еліміздің еңбек сіңірген әртісі Бақытжан Ысқақовтың рухына арнап Е. Брусиловскийдің "Ер Тарғын" операсын дайындауда. 

Тарғын рөлінде осы порталдың жұлдызды блоггерлерінің бірі Парасат тобының әншісі - Дулат Токанов. Топтың екінші әншісі Болат Қанағатов болса Ақша хан рөлінде.  

Опера туралы толық театр сайтынан біле аласыздар. Басталуы 18.30-да.

Әсерлі кеш өткізулеріңізге тілектеспін және театрда кездескенше!