Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Сіз қандай ән тыңдайсыз?
Сіз қандай ән тыңдайсыз?

Автор: Жандарбек Жұмағұлов

Статус: Контент-менеджер

Ең бай адам болғыңыз келе ме?
Ең бай адам болғыңыз келе ме?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Сайранда" ойран

"Сайранда" ойран

"Сайранда" ойран. Бүгін қалаларық автобекетте жүргізушілер жұлынды. Наразы топ вокзал басшылығының бұдан былай билет тек кассада сатылады деген талабына қарсы. Ұлардай шулап жүрген тек Оңтүстік бағытта жолаушы тасымалымен айналысатын автобус жүргізушілері ғана. Наразы топ бекет басшылығы енгізген жаңа талапқа қарсы. Енді бұдан былай кез-келген бағытқа шығатын жолаушы билетті міндетті түрде кассадан сатып алуы керек. Ескертетін жайт, жаңа жүйені бүгін қолданысқа енгізген вокзал басшылары бірден жол құнын екі есеге қымбаттатып үлгерген.

Жылдар бойы жолаушылардан жол ақысын автобус жүргізушілері өздері қолма қол жиып, қалталарына басып келді. Есесіне, қауіпсіздік шаралары сақталмады. Күн түні ұйықтамаған жүргізушілер жолаушыға таласып, жолға қайта шықты. Салдарынан тас жолда талай тағдыр талқандалды. Алайда, адамнан ақша қымбат заман. Жаңа ереже бойынша автобусқа билетсіз отырған жолаушы анықталса автобус иелеріне 18 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұған қоса, қол жүкке де қосымша ақша төлеу қажет. Бұл жолаушылар ызасын тудыруда..  Ашынған халықтың ашуы басылмай тұр. Жеп отырған жалғыз нандарынан айырып отырған басшылыққа наразы. Ал, сұраққа жауап берер әкімшілік қызметкерлері орнынан табылмады.  Жолаушылар мен жүргізушілер бекет басшыларын бірнеше сағат күтті. Бірақ, не басшы не қосшы қарасын көрсетпеді. Ондағылар "айтқаныма көнесің, көнбесең тентіреп кетесің" деген саясатты ұстанғандай...

1836 13
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 17 сәуір 2012, 19:09
Тегтер: сайран, авто, ус, саусақ, бүлік, наразылық, кондуктор, алматы
Пікірлер
+0
17 сәуір 2012, 20:02

Асеке жақсы екен мынауың ;) :)

+0
17 сәуір 2012, 20:22

мәссаған,не дид? :roll:

+0
17 сәуір 2012, 20:42

Басшылық басынан шіріген екен. Құныққан неткен адамдар. :!: Поезға билет алып қайтатын болдым демек.

+0
17 сәуір 2012, 21:00

сондай тартип керек ! Дурыс деп ойлаймын!

+0
17 сәуір 2012, 21:09

Алматының аппақ қызы ретінде айтар болсам, осы мен Сайран, Тастақ, Саяхат, 1 және 2-Вокзал, оптовка, барахолка, Айнабұлақ деген жерлерде болсам, басқа әлемге түсіп кеткендей күй кешемін. Осы Сайранды көшіреміз деп бір шулатты, енді мынаны ойлап тауыпты.

+0
17 сәуір 2012, 22:13

Тәртіп орнатсын-ақ, бірақ бірден жолақысын қымбаттатқандары қызық екен. Тәртіп болып мереке күндері болсын, басқа күндері болсын тұрақты жолақысын неге қоймайды екен деп ойлайтынмын

+0
18 сәуір 2012, 09:26

поезд билеттеріде осы аптадан бастап 10% қымбаттады

+0
18 сәуір 2012, 09:59

Сонда қаланың ішінде жүретін автобустар ма, әлде өзге қалаларға шығатын автобустар ма? Сол жағы түсініксіздеу болып тұр :?:

+0
18 сәуір 2012, 10:11

өзге қалаларға шығатын автобустар

+0
18 сәуір 2012, 10:36

Онда қызық екен. Өзге қалаларға шығатын автобустарға билет автобекеттерде сатылу керек емес пе? Жүргізушілер жол ақысын өздері алады дегенге сенбей отырғаным. :roll: Мен тұратын қалада билеттер қатаң түрде тек автовокзалдарда сатылады. Билетсіз артық адам алмайды.

+0
18 сәуір 2012, 10:07

басшылар дурыс жасаган тартып керек. жургызушылер жол ережелерын сактамайт.. бырак олар осылай кун корып отыр. жол акыны 2 есе кобейткен, жолаушылардын не кынасы бар екен .. кыскаша айтканда такырыптан тусынгеным "птичку жалко" болып тур ;)

+0
18 сәуір 2012, 11:10

Обал болыпты жүргізушілерге :(

+0
19 сәуір 2012, 01:52

шымкентке баруымыз мұң болады де :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...