Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қазақ футболының болашағына сенемін...

Қазақ футболының болашағына сенемін...

Қазақ футболының болашағына сенемін...

     Бүгінде қазақы көпшіліктің көңілінен шыға алмай жүрген бірегей нәрсе - ол қазақ футболы. Қазақ футболының көрсеткішінің тым артта қалғандығы ащы болса да шындық. Бұл тақырыптың төңірегінде небір пікірталастар, алып-қашпа әңгімелер айтылып та жатыр, айтыла да береді. Қазақ футболын халықтың бағалауы да қуантарлықтай емес. Алаңдағы 11 ойыншыға әрбір ойыннан кейін айтар өкпелері де қара қазандай. Футбол туралы әңгіме шыға қалса, айналамыздағы адамдардың аузынан «қойшы сол біздің қазақтың футболын» деп немқұрайлықпен айтылатын әңгімелерді де жиі естиміз...

     Шыны керек, мен де қазақ футболынан үмітімді үзіп  қойған болатынмын. Соңғы кезде өзіміздің ойындарды қызығып көрмейтін де болдым. Нендей жаңалықтар болып жатқандығына қызығуды да қойдым. Бірақ, кешегі көз алдымда болған көріністен кейін сөнген үмітім қайтадан маздап  жанғандай болды. Қазақ футболының болашағына деген сенімім пайда болды десем артық айтқандық емес.

      Бұған себеп болған жағдай - кеше кешқұрым уақытта көше бойында келе жатып, Құрманғазы-Шарипов көшелерінің қиылысындағы шағын футбол алаңындағы мына бір кішкентай бөбектердің футбол ойнап жүргендеріне  куә болуым еді. Тілдері былдырлап, әлі де дұрыс сөйлей алмайтын, тымпыңдап зорға жүрген кішкентай ғана бөбектердің допты әжептеуір алып жүріп, бір-бірлеріне пас беріп, қақпаға доп кіргізіп, «гол,гол!» деп шулап жүргендерін  көріп қуанышқа кенелдім. Дереу суретке түсіріп алып, сіздермен бөліскім келді:

      

      

      

      

      

         Келешекте қазақ футболының ғана емес, қазақ елінің тұтқасын ұстар балдырғандарымыз аман болсын!       

16
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 17 сәуір 2012, 11:04
Тегтер: қазақ футболы, жастар

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.