Ұшықтан құтылу жолдары

Ұшықтан құтылу жолдары
жеке
блог

Суық тигенде ерінге ұшық шығады. Ол – суық тиюдің белгісі. Ұшық алдымен қызарады, сосын қыши бастайды. Одан әрі инемен сұққылағандай болып, ісініп кетеді. Зерттеуші ғалымдар ұшықтың қайталануы стрестік жағдайлардан болады деп санайды.

Ұшықты алдын алу, жеңілдету үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:

1) Ұшықты таза әрі құрғақ ұстайды. Мазаламаса, тиіспеңіз. Іріңге толып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз.

2) Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Тіс щеткасын дымқыл жерде ұстауға болмайды. Дымқыл ауа вирустың өмірін ұзартады.

3) Ұшыққа мақта шөкімімен вазелин жағып қойған жөн. Мырыштың 2 пайыздық ертіндісімен ұшықты тәулігіне бірнеше рет сүртсе, тез жазылады.

4) Құрамында аргинині мол шоколад, кола, бұршақ, жержаңғақ, желатин мен сыраны тұтынуды шектеңіз.