Сый...

Сый...
жеке
блог
Көктемгі сиреннен,
Көктеуді үйренгем.
Көгілдір жұпарды
Сепкенді үйренгем.
Келсе егер сый бергің,
Сый ең дүр-сирень гүл!
Көктемнің көзінен,
Байқатпай сүйген гүл!
Бақтамын...сиреннің,
Жұпарын сүймес кім?!
Тәңірмен тілдескен
секілді күй кештім.
Сирень гүл түймең көп..
Сырымды түйгем көп.
... –Мінекей,сирень,- деп
Қуантса Сүйген кеп.
Көктемде сирень көп...
Әлия ІҢКӘРБЕК