Сен барда
жеке
блог

Сен барда

Өзіңді ұнатқан аңғалға,
Өтінем, жарығым, таң қалма.
Бақытын қайтемін өзгенің,
Сен барда!

Жүректің жағады отын кім?
Күле алмай күлкім кеп отырмын.
Қайтейін амал не аяулым,
Ақынмын!

Көңілді құбылтып түнгі ызғар,
Бір суып, бір ысып, бір мұздар.
Бүгін аз көрінді кешегі,
Жұлдыздар.

Жалғыз жан, жалғыз ай, жалғыз бақ,
Жалғыздық әуенін салғызбақ.
Суыдың,
әпермеу керек пе ед(і)
Балмұздақ?

Қаншама тырыстым ұнауға,
Сондағы алғысың мынау ма?
Туып тұр тағы бір бақытсыз,
Шығарма.

Тағдырың артқанда ауыр сын,
Сөздерім жаныңнан табылсын.
Бір сенен өзгені сүйе алман,
Нан ұрсын!


Ерболат АЙНАБЕКОВ