Массагет қолданушыларына

Массагет қолданушыларына
жеке
блог

Бірер қолданушыларымыз порталымыздың пікір алаңында өздерінің сұрақтары мен тілектерін білдіріпті. Бұл постта осы қадірлі қолданушыларымызға жауап беретін боламыз.

Массагеттің ардақты оқырмандарына ізет-құрметімізді білдіреміз.

Өткен аптаның соңғы бөлігінде порталымызда жарияланған бірнеше пост Сайт ережесінің 7 бөліміндегі 7.1.2 тармаққа сәйкес келмегендіктен, өшірілді. Порталымыз ойын-сауық, танымдық алаң болғандықтан, саяси, діни мәселелерді талқылау сайт бағытынан ауытқу болып табылады деп есептейміз.

Әлбетте біз барлық қолданушыларымыздың пікірін сыйлаймыз, құрметтейміз. Дегенмен, Массагет алаңы бұндай тақырыптарды талқылауға арналмағандықтан, алда бұл мәселелерді арнайы сайттарда талқылауды ұсынамыз.

Сонымен қатар, қолданушыларымыздың анайы, этикаға қайшы жазбаларды жарияламауға тырысқандығын құптар едік. Порталға ересек азаматтармен қоса, мектеп жасындағы балалар да бас сұғатындығын ескере отырып, анайы тақырыптағы жазбаларды да өшіріп отыратындығымызды ізетпен жеткіземіз.

Түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз және алда сайт ережесіне бағынып, осы постта айтылған нәрселерге құлақ асуларыңызды өтінеміз.

Құрметпен, Массагет ұжымы