"Descendands оf the sun" немесе "Потомки солнца"

"Descendands оf the sun" немесе "Потомки солнца"
жеке
блог

Әрбір көрген фильм мен оқыған кітап бір жақсы нәрсеге үйретпесе оған жұмсалған уақыттың зая кеткені.

Кәрістердің бұл су жаңа сериалының аты – Descendands оf the sun. Сериал дорамщиктер мен мен сияқты кездейсоқ көрермендерін баурап ала алды. Себебі сериал:

Мамандыққа деген сүйіспеншілік пен адалдықты дәріптейді. Солдат жігіт пен дәрігер қыз арқылы өз кәсібіңе, ісіңе деген адалдықты, өз ісіңнің шебері болуды көрсетеді. Қауіп-қатерге толы құпия тапсырмаларды орындайтын «Альфа» арнайы бөлімінің капитаны басты кейіпкер жігітіміз кез-келген жағдайда кәрі адамдарды, балаларды және әйел адамдарды сөзсіз қорғайды. Бұл оның кәсіби ұстанымы. Өз еліне қалтқысыз қызмет етеді, достыққа адал, бір сөзді. Басты рөлдегі қыз - білімді хирург. Гиппократтың антына адал, қандай жағдай болмасын пациентінің өмірін сақтап қалуды парыз санайды. 

Командада жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Топ басшысы тапсырманы бөліп берді, бұйрық талқыланбайды, әркім өз ісін атқарады. Команданың әр мүшесінің атқаратын рөлі, алар орны бар және оны әрқайсысы жақсы түсінеді.

«Сенің мамандығын белгілі бір жермен шектелмейді, яғни сен тек ауруханада ғана, не тек Корея аумағында ғана дәрігер емессің. Сен сенің көмегіңе мұқтаж барлық адамға, аспанда жарқыраған күн астындағы барша адамзатқа көмек көрсетуге міндеттісің» деген оймен түйінделеді.

Осы сериалдан соң фанаттарының біразы дәрігер не әскери маман болуға бел буғанына күмәнім жоқ.