Мейірімді бола білейік
жеке
блог

Мейірімді бола білейік

Жасотандықтар мұқтаж отбасылар үшін тағы да базарға шықты.

Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларға, олардың балаларына мейірімділік көрсету жұмыстары жалғастырылып жатыр. Жасотандықтар арнайы «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық орталығына кәсіпкерлерден, сатушылардан киім кешектер жинау үшін, аралап шықты. Бұл жолы «Мағаш» базары, «Рахат» базары, «Олжа» сауда үйінің кәсіпкерлері қолдау көрсетіп, мұқтаждар үшін киім кешектерін берді. Өз тарапымыздан алғысымызды айтамыз. Жиналған киімдер мұқтаж отбасыларға тегін беріледі. Бұл шараға кез келген азаматтар атсалысып, көмек көрсете алады.