Массагеттіктер бас қосқанда...

Массагеттіктер бас қосқанда...
жеке
блог

Cәлем, достар! )

Кездесу туралы хабар күтіп, елегізіп отырған боларсыздар )

Жұманың керемет кешінде массагеттіктер бас қостық. Керемет кездесу болғаны соншалық, орнымызға сыймай, кейбір адамдар бір орындыққа екі адамнан отырып, пицца жедік ))

"Венецияның" алдына келсек, Меруерт пен Қаламқас күтіп тұр екен. ) Ішке кірдік, кірсек, Маралдар отыр. Әлі бірде-бір ұл жоқ ) "Қыздар рулить ететін болды ғой" деп бір күліп алдық. 

Кейін Назерке мен Сәкен, Әзиз, Жалғастар келді. Отырыс қыза түскен кезде, асыға күтіп отырған құрметті қонағымыз Аида кірді. 

Аида жазбаларында қандай болса, реалда да тура сондай екен. Бауырмал, ашық мінезді Аиданы көргенім үшін қатты қуандым ) 

Осы кездесуге Айкерім мен Рабиға Оңалбай да келді. Екеуі де өте белсенді, отырыстың адамдары екен. Рабиға артынан сүйікті ойынымыз мафияны ойнаған кезде Әзизден кейін мафия ойынын жүргізді. 

Суреттер толық нұсқасымен кейін шығып қалар )  

Суретте: Мадлен, Раби, Бір сәт-бір әңгіме, Ботик