Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өлексі сезім...

Өлексі сезім...

Өлексі сезім...

Шынымды айтсам бүгінгі күн мен үшін маңызсыз. Махаббат күні деп асыға күтердей мендік жүректің қимасы кім? Кім деп бұлқынады, кім деп «аһ» ұрады? Сауалдар легі тасқын болғаны менен оған жауап жоқ. Жүрек атты жүгермек, ақыл атты қарияның кеңесіне илігер емес. Көздегені мен көксегені өзге. Құла дүзде жосыған еліктей, есімді алған өткеннің елестері. Өлексеге құмартқан құзғындай бұл күндерде махаббаттың құнын түсіріп жүргендерге қарап қайран қалам. Қол ұстасқандардың бәрі ғашықтар емес, тал көлеңкесін паналаған жалған ғашықтардың қалауы тән қанағаты ғана. Кеш түсе таза ауамен тыныстамақ ниетпен қыз қылықты Алматының көшелерімен кезбе жандай кезіп жүргеніме аптаның жүзі болды. Көрген көзім өзіме дұшпан, әр бір орындықтарда аймаласқан «ғашықтар».  Қараймында күрсінем. Яссауи бабам айтқан «жалған ғашықтар» саны күн өткен сайын артпаса кемімей отырғаны. Сорымызға бұйырған жалаң сезім қаншама бұрымдыны талақ етті, қаншама шаңырақты шарпыған өртке салды? Елімізде жетім мен жесірдің санын еселетіп жатқаны. Дабыра сөз болып естілгенімен ойлап қарасақ шайқалған шаңырақтар саны тым көп. Кінә кімде? Айыпқа кімді тартарсың? Қайырымсыз қоғамдыма, жоқ нәпсінің жетегіне ерген адамды ма? Рас, мен бәлкім өзгелердей сүйе алмаған болармын. Оған айтар дауым жоқ. Мен сүйдім. Тек, өзімше сүйдім. Өзімше құмарттым. Өзімше... Ештеңеге қарамастан менің өз естелігім бар. Ол менің естелігім. Мен өз әлемімде өзіммен өзім тілдесем. Ақылдасамын, өзімді – өзім сөгемін. Мен өз әлемімнің әміршісімін. Онда меннен өзгеге орын жоқ, өзгеге орын болмақта емес. Бірақ, кейінгі кездері сол бір бұрымды мен қош айтысқан соң әлемімде әлем тапырақ. Сүреңсіз яки сүрлеусіз тіршілік. Шабыт атты алаудың оты сөнгендей. Өзімді –өзім тірідей жерлеп жатқандаймын. Қазір өзіме –өзім өгеймін. Мені қазір бір ғана сауал мазалайды мен кіммін? Менің жүрегіме жылу берген ішкі әлемімде тіршілік кешіп жатқан адам кім? Өзді-өзімен тілдескен адам ақымақ деп жатады. Ақымақ болармын. Ақымақтығымнан осы постты жазып отқан болармын... Жарар. Сыздауықтай жан сыздатқан ойды азда болса баян еттім.

11
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 14 сәуір 2012, 01:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.