ЫНТЫМАҚТЫ ЕЛ ОЗАР

ЫНТЫМАҚТЫ ЕЛ ОЗАР
жеке
блог

Ынтымақты ел озар

Аты әлемге танылған « Қазақ » деген халықпыз,

Еш нәрседен жасқанбай, бой көтерген алыппыз

Қазағымның көк Туы желбіреген шағында,

Бейбіт әрі бақытты, мәңгілік ел болыппыз.

 

Бір шаңырақ астында, әр түрлі ұлт баласы,

Ынтымақты ел озар, қазақтың кең даласы

Бірлік түбі – береке, ырыс-құт болар тегінде,

Өзіңді- өзің жаттай күт деген қазақ данасы.

 

Елім мынау - ынтымағы жарасқан,

Мәртебесі биіктермен таласқан.

Көп ұлтты елім баласындай бір үйдің,

Куә осыған төбемдегі көк аспан.

 

Үлкенін сыйлап, алдынан кесіп өтпеген,

Дарқандығына елімнің баға жетпеген,

Береке – бірлік баға жетпес байлығым,

Қол жеткізер арманым бар көптеген.

 

Қатарласқанда мықты елдердің қасына,

Бақыт қонған еді қазағымның басына

Бауырмал елміз уайымдайтын өзгені,

Құшағын жаяр досына да, қасына.

 

Елбасының жолдауы таныс маған,

Болашақты жастарға табыстаған.

Бейбіт елдің ұланы бола тұра,

Үлес қоспай қалай мен қалыс қалам?


Ашық болсын қашанда, туған елдің аспаны,

Ынтымақты, жігерлі, аман болсын жастары

Күш – қуаты мықты боп, өзге елдермен теңессін,

Өзіме ыстық Отаным, қаламаймын басқаны!