3 айда программист болып, жоғары ақылы жұмысқа қалай кіруге болады?
жеке
блог

3 айда программист болып, жоғары ақылы жұмысқа қалай кіруге болады?

Сәлем, құрметті оқырмандар! Астанаға көктем әдеттегідей кеш келді. Көктем емес, бірден жаз келді деуге болады). Мектеп оқушылары демалысты ойласа, оқуды бітіріп жатқан студенттер жаңа өмір жолының табалдырығын аттағалы отыр. 

Егер сіз де, оқуды бітіріп жатқан болсаңыз, немесе коледж, ЖОО-да оқитын болсаңыз болашағыңыз жайлы қазірден ойлана бастағаныңыз дұрыс. Бәріңіздің жұмыс іздеп, таба алмай жүрген таныстарыңыз бар шығар. Мүмкін өзіңіз де осы мәселеде бас қатырып жүрген шығарсыз. Осы жазбада жоғары жалақысы бар, қызықты жұмысқа кіру жолдарын таба аласыз. 

Менің алдынғы жазбаларымды оқып жүрген болсаңыз, әнгіме не жайлы болатынын түсініп тұрған боларсыз). Әрине,  IT - информациондық технологиялар жайлы. Программист болуды үйреніңіз! 

Қазақстандағы жұмыс табуға арналған ең үлкен портал - www.hh.kz сайтнынан, IT саласы бойынша қанша жұмыс орындары бөлінетіні жайлы ақпарат сұрадым. Осы уақытта, "Информационные технологии, интернет, телеком" бағыты бойынша ашық тұрған вакансиялар саны 1075, Оның 589 -ы Алматыда, 238-і Астанада, қалғандары Қазақстанның басқа да қалаларында. Бір жыл ішінде жариаланған вакансиялар саны 13 185. Бұл бір күнде 36 жаңа жұмыс орыны ашылып отырады деген сөз. Өте көп, солай емес пе? 

Өкінішке орай, Қазақстанда жылына қанша IT мамандары дайындалатыны жайлы анық ақпаратқа ие емеспін. Бірақ, жобамен есептеп көруге тырыстым. Қазақстанда 150 - ге жуық жоғарғы оқу орындары болса, оның ішіндегі 100-і жылына 50-60 маманнан дайындаса, 5-6 мың IT мамандары шығып отырады. Егер менің есебім шындыққа жақын болса, қазірдің өзінде мамандар тапшылығы анық байқалады. Бұл, тек hh.kz сайтында жарияланған вакансиялар. Одан бөлек те алаңдарда жарияланатын жұмыс орындары қаншама. 

Дәл осы hh.kz сайты өткізген аналитикалық сараптамалар бойынша, IT саласы Қазақстандағы жұмысшы тапшылығы байқалатын салалардың ішінде 2-ші орынды алады екен.

Ендеше, жұмыс орындары көп болып, мамандар тапшылығы байқалып жатқан кезде, жұмыс жоқ деп, барлығын экономикалық дағдарысқа(кризис) жауып қойып отырғанымыз жөн болмас.

Мамандық тапшылығы күннен-күнге артып отыр, ал IT әлемі геометриялық прогрессиямен өсіп жатыр. Болашақ жаңа технологиялардың заманы. Ой-өрісіңіз тұнық кезде, осы мамандықтың иесі болуға асығыңыз. Алдынғы жазбаларымды оқып көрсеңіз, қалай программист болуға болатындығы жайлы көп ақпарат ала аласыз.

Ал 3 айда мамандық иесі болуға келсек, менің жеке тәжірибем бойынша, қарқынды оқып - үйренетін болсаңыз, 3 ай ішінде, жақсы жұмысқа кіре алатындай дәрежеде білім жинап алуға болады. 

Егер қалаушылар болып жатса, 3 ай жаз уақытына арналған интенсивті программалау курстарын бастағалы отырмын. Курстар Астана қаласында өтеді. Басқа қала тұрғындары үшін онлайн вебинар түрінде өткізіледі. Программированиемен қатар web дизайн, графикалық және полиграфиялық дизайн сабақтары да өтеді.  Толық ақпарат үшін менің фейсбуктағы жеке парақшама жазып, сұрақтарыңызды қойсаңыз болады.

Алтын уақытыңызды жіберіп алмаңыз, жарқын болашаққа жолыңызды қазірден бастаңыз! Баршаңызға сәттілік!