Бай мен жай адамның айырмашылығы неде?
жеке
блог

Бай мен жай адамның айырмашылығы неде?

"Бай адамдар қайтіп ойлайды" кітабының авторы Стив Сииволт 30- ға жуық жыл жүріп әлемдегі байлармен кезігіп, олардың ішкі жан-дүниесін зерттеп таң қаларлық қорытынды жасапты. Бай адамдардың қарапайым адамнан айырмашылығы олардың байлығы, мүлігінде емес олардың ойлау қабілетінде екен.
Сонымен бай адамдармен қарапайым адамдардың 21 айырмашылығын аударып берейін.

1 Жәй адамдар көп АҚША адамның соры (қайғысы) деп ойлайтын болса, Байлар кедейлік адамның қайғысының басталуы деп санайды.

Байларды жәй адамдар не кенет бағы жанып байыды, не арам жолмен байыды деп ойлайды.
Орташа кірісі бар адамдар байудан қымсынады (ұялады) екен.
2 Жәй адамдар жеке басын ойлауы арам ойлық деп ойласа, Байдар өз жанын сақтап қалу дұрыс деп ойлайды.
«Байлар көп кездесуді, көңіл көтеруді, өзінің бақытты ғұмыр кешуіне аса мән береді. Оларды әлемді құтқару қызықтырмайды олар өзбасын ойлайды» деп жәй адамдар ойласа.
Байлар керісінше ойлайды. олар өзін алып жүре алмайтын, өзіне мән бермейтін адам біреуге қол ұшын соза алмайды дейді.
3 Жәй адамдар баққа сенетін болса, Бай адамдар істеген еңбегіне көбірек сенеді.
Жәй адамдар үкімет, дін немесе басқа біреу көмектеседі қандайда бір мәселесін шешіп берет деп бағына сенеді. Сол кезде өмір алдынан өтіп кете барады, уақыты босқа кетеді.
4 Қарапайым адамдар жоғары білім алған соң байыймын деп ойлайды. Ал байларда ондай адамдар сирек кездеседі.

Олар жеке сырттай қандайда бір маман алып кәсіп құсам сонымен ақша табамын деп жоспар құрады. Әлемде аты шыққан байлар сирек кездесетін сала бойынша немесе өте шеберлік шыдамдылықты талап ететін кәсіппен айналысқан және көбі өзінің қажырлылығының арқасында жетістікке жеткен.

5 Жәй адамдар өткен күнгі қызықты күндерін еске алса, байлар болашағын ойлайды.

Өзі еңбегімен байыған адамдар алдыға қойған мақсатын санасынан шығармайды және соған жетуді жоспарлаумен болады. Ал жәй адамдар өткенін ойлап қазіргісіне көңілі толмай көңілдерін түсірумен болып, өзін бақытсыз сезінеді
6 Жәй адамдар ақшаны қандайда бір эмоциямен алса. Байдар логикалық ойлау арқылы қарсы алады.

Қарапайым, ақылды, білімді жетістікке жеткен қандайда бір адам қаржы жайлы ойласа кент көңілі құлазып, үрейлене бастайтын болса, Байдар қаржының қайдан қалай келгенін жақсылап есептеп барып ақшаны мүмкіндік деп біледі. Сондықтан ақшаны қауіпті, барлығына әсер ететін қару деп бағалайды.
7 Жәй адамдар өзі ұнатпайтын жұмыс істеп ақша тапса, Байдар өзінің қалауымен сүйген ісімен айналысып жүріп бай болады.

Бай адам сияқты көрінгісі келетін қарапайым адам үнемі қолы босамай уақыт жоқ жұмыс жасаса. Ал байдар өзінің ұнататын жұмысын ақша табудың жолы ретінде істейді.
8 Жәй адамдар кішкентай нәрседен лаззат алып рахаттанатын болғандықтан ешқашан олардың тауы шығылмайды. Байдар үнемі сынақтарға тап болып тұрады.

Психологтардың айтуынша өмірден кішкентай жетістік күтетін адамда сынақ мүлде болмаса, арманын жүзеге асыру үшін жүретін байдар қашанда қандай сынаққа дайын болатынын анықтаған.
9 Бай болу үшін "қандайда бір нәрсе істеу керек" деп қарапайм адамдар ойласа, Бай адамдар «байю үшін міндетті түрде қажетті бір нәрсе менде болу керек» деп ойлайды.

Соған мысал; Доналд Трамп бірнеше миллион қаржысын тоғыз миллиардқа дейін өсіріп оны таусылмас байлыққа айландырды. Қандайда бір істі істеп жатқанда тез нәтижесін көруге асығуы қателіктерден сабақ алудың жақсы мүмкіндігі деп біледі, Байдар.
10 Бай болу үшін көп ақшалы болу керек, - деп жәй адамдар ойласа, Байдар басқаның ақшасын пайдаланып бай болады.
Жәй адамдар бай болу үшін көп ақша табу керек деп ойласа, Байдар басқаның амиянындағы ақшаны ақылмен айналымға салып өзіне бай болуды көздейді. Сонымен қатар эмоциясын ақша үшін білдіртпейтіндіктен «сатып аламба? инвестиция құйамба? немесе жалғастырамба» деген сұрақтарға нақты жауап беруді ойлайды.

11 Нарық -стратегиялық ойлау, жоспарлау арқылы жүзеге асады деп жәй адам ойласа, көңіл күйге, қызығыушылыққа байланысты екенін байлар жақсы түсінеді.

Үлескерлік (акция) нарықта табыс көзінің молайуы математикаға жақсы болғанының белгісі емес. Нарықтық экономиканың негізгі қозғалтқыш күші көңіл күйдің қобалжып үрейленуімен,қызығушылық аталған нәрселер негізгі қозғаушы алға жетелеуші екенін байлар жақсы білетіндіктен, оны өзіне дұрыс пайдалана біледі.
12 Жәй адамдар арманынын ішіне сақтап өмір сүрсе, Байлар орындау үшін нақты мақсат қойып өмір сүреді.
Байлар өзінің арманын нақты орындайтындықтан олар патша сияқты өмір сүріп шыдайды. Олар ешқашан ақшаның немесе қиялдың құлы болмайды.
13 Жәй адамдар балаларына қалай жансақтауды үйретсе, Байлар қалай байуды үйретеді.

Бай әкелер баласына бала күнінен бастап өзінде не болу керек, не керек еместігін түсіндіреді. Сүйткендіктен баласы өскенде оған бұл түсінік әдетке айналады. Олардың балалары да осы уақыт мүмкүндік, арғы атасының өмірін нақты тарих деп біледі. Байлардың отбасында есейгенсоң да өз аяғынан тұрып бай болып кетуді ойлайды.
14 Ақша адамды тығырыққа тірейді қинайды деп жәй адамдар ойласа, байлар дүние-мүлік адамның рахат өмір сүруіне қолайлылық тудырады деп сенеді.

Байлардың үсті-үстіне ақша жинай беретінінің негізгі себебі олар: ақшамен бәрін шешуге болады,- деп түсінсе, жәй адамдар ақша ғана өмірге қайғы-мұң алып келеді деп елестетеді. Бірақта, өз өміріне жететін қаржылы адам ешқан ашумен жүрмейтіндігін зерттеушілер анықтаған екен.
15 Жәй адамдар білім алайын дегеннен гөрі көңіл көтеруді, қыдыруды ойласа, байлар керісінше көп білім алсам деп ойлайды.

Жаңадан бастап кірісіп жатқан өзінің көп білмейтін саласына байлар ешқашан инвестиция салмайды. Сол себепті олар өз бетімен ізденіп білім алуды сол саланы зерттеуге уақытын жұмсайды.
16 Бай адамдар арғы атасының ізін қуушылар (еліктеушілер) деп жәй адамдар ойласа, байлар өзімен көз қарасы ұқсас адамдармен достасқысы келеді.

Ақшаны кері жағыннан ойлайтын жәй адамдар, байлар неге байлармен дос болатындығын түсінбейтіні сияқты олардың ортасына кіріп әңгімелерін де түсінбейді. Сол себепті байлармен байлар, қарапайым адамдармен қарапайымдар дос болатыны сол.
17 Жәй адамдар ақша жинауға қатты мән берсе, байлар кірісін қадағалайды.

Байлар қандайда бір шығынына қарамастан кірісіне мән берсе, жәй адамдар шығыннан қорқып, ақшасын сақтап ғана қояды айналымға салмай. Сондықтан байлар ақшаға өзінің ой санасын жинақтай алатын жандар.
18 Жәй адамдар қашан ақша сақтауды білсе, байлар қашан қиындыққа тап боларын сезеді.
Аз қаржымен көп кіріс кіргізу байлардың ұраны. Сондықтан жәй адам қаржы құйғанда шығынға ұшыраса, байлар көп пайда көретіні соған байланысты.
19 Жәй адамдар өзіне тыныш жайлы болғанда ғашық болатын болса, бай адамдар қиын жағыдайданда өзіне жайлы жағыдай жасай алады.

Өте көп қиын жағыдайға тап болған адамдар миллионерлер болатындығы жәй адамдарға еш қисынсыз сезіледі. Өз күшімен байыған адамдар істі бастағанда көп қиындықға тап болған. Жәй адамдар физикалық және психологиялық жағыдайын тыныш болдыруды ойлайды екен.
20 Ақшамен денсаулық бір-біріне байланыссыз деп жәй адамдар ойласа, байлар ақша менің өмірімді құтқарады деп сенеді.
24 сағат қызмет көрсететін, қымбат төлемді емханалардың көбінде байлар болатындықтан олар жәй адамдардан қарағанда денсаулығына көп мән береді. Ал жәй адамдар "қатты" ауырмайынша тексерілмейтінімен қатар «көп ақша сұрайды» деп қорқып бармайды.
21 Жәй адамдар бай боламба әлде жанұяммен қаламба деген таңдау керек болады деп ойласа, Байлар екеуінде қатар алып жүруге болады деп біледі.

Әлемдегі ең көп қаржылы байлар отбасылық өмірді құрметтеп, оны үнемі бақытты болдыру үшін барын салады. Олар ақшадан жанұям артық деп ешқашан ойламайды, жанұямның қуанышы менің қуанышым деп сенетін адамдар…