Тосын сыйлар жалғасуда

Тосын сыйлар жалғасуда
жеке
блог

Алдында ғана сайтымыздың белсенді қолданушысы Сәния Қуанқызы Ғазизаға сонау Үндістаннан әкелген алуаны беріп жіберген еді. Енді, міне, тағы тосын сыйлар жалғасуда. Тағы бір қолданушымыз Жанат Ахметов бүгінгі кешке келе алмайтындығын өкініш білдіріп, сайт админдері мен қолданушыларына үлкен тосын сый жіберді.

Асыға аштық ішін ))

Ал ішінде не бар дейсіздер ғой... ))

Сайтымыздың ару қыздарына өзіміз жасаған хаттарды пайдаланып, 15 сәуір - Ғашықтар мерекесімен құттықтап, есімдеріміз жазылған открыткалар:

Бүгін кешке жиналатын "Массагет" қолданушыларына шампан:

Бүгін кешке атылады деп сенеміз!

Және Жанат қолданушымыз өзі Өскеменнің Серебрянка қаласынан болғанымен Аягөзде іс-сапарда жүр екен. "Аякөзден не беріп жіберейін?" дегенге бірден шығыстың ұсақ бауырсақтары есіме түсті. Айтқанымды екі етпей жеңгесі жасаған ұсақ бауырсақтарды да беріп жіберіпті ))

Тәтті бауырсақтарды бүгінгі кешке келетін қонақтар да ауыз тиеді. Және де сайт қолданушыларына арнап жазылған хабарламасы да бар. Бәрін кешке көресіздер!

Көп-көп рахмет саған, Жанат! Бүгінгі кездесу соңғы кездесу болмайды деп сенеміз. Алматыға жолың түсіп жатса өзіңмен міндетті түрде кездесеміз деп ойлаймыз. Осындай қолы ашық адам өмірде де жолы ашық, бақытты болсын деген тілегіміз бар. :)