"17 ЖАСЫҢДА МИЛЛИОНЕР АТАНАСЫҢ" ДЕЙДІ ҒОЙ

"17 ЖАСЫҢДА МИЛЛИОНЕР АТАНАСЫҢ"   ДЕЙДІ ҒОЙ
жеке
блог

Сәлем, достар! Бүгін қозғағым келіп отырған мәселе жоғары айтқанымдай "МИЛЛИОНЕР БОЛЫП КЕТЕСІҢ" деген жарнамалардың әлеуметтік желілерде шектен тыс көбейіп кетуі. Әсіресе ВКОНТАКТЕ-де. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Тіпті "байқау" деп айтуға келмес, шаршаған боларсыздар. Қайта-қайта шыға бергеннен кейін түпкі тамырын білгім келді. Сонымен, бұл жүйе "Система Королевой" немесе  "Твой МИЛЛИОН" деп аталады екен. Жарнамаға басып қалып едім, сайтына дереу өтіп, бейнебаян ойнап кетті.

 

Тыңдап отырсам түбі "Бізге қосылыңыз, үш - төрт қадамды орындайсыз, ең азы 20 доллардан бастап саудаңызға біздің сайтқа ақша құясыз, біраз уақыт күтесіз. Кейін сіздің құйған ақшаңызды сақтай отыра, біз сізбен бірге жұмыс істеуге дайын "бай бизнесмендердің" ішінен ең мықты және тәжірбиелісін таңдаймыз. Сол кісіге сізді таныстырамыз. Кейін аз уақыт ішінде сізге келісім шартты жібереміз! Ал біз мұны істеу үшін сіз қазір ақшаңызыды біздің счетка салып, сайтқа тіркелгенннен кейін біздің брокер сізбен хабарда болады. Бізбен 1200 адам БАЙЫДЫ!" - деумен "қармаққа түсіре бастады". Айта кетейін, брокер деген сатушы мен сатып алушыны арасындағы келісім функцияларын(келісім шарт, есепшот) орындайтын адам. Түсінгенім бойынша, олар интернет желісіне немесе жалпы бүкіләлемдік паутинаға жалған жарнамаларды салу арқылы көбіне сауда істегісі келіп жүрген не бизнес бастағысы келіп жүрген жандарды тартады екен. Кейін азамат(-ша)ның ақшасын жаңағыдай жолмен суырып алғаннан кейін бағанағы брокері де жауап бермей, ешқандай келісім шарт та келмей, ақша "алаяқтарда" қалып қояды. Ал алданған халық  ақшасын қайтарғысы келген жағдайда шағымданар ешкімі болмай қалады. Неге десеңіз, халық тіркеліп, ақша құйған сайтта өте кішентай әріптермен: "Ақшасы қайтарылмай немесе, басқа да түсініксіз жағдайларға және Бізбен келісімге отырғанына, отырмағанына толықтай дәлел болмайды. Сондықтан Біз мұндайды өз мойынымызға алмаймыз" деп жазылған. Көрдіңіз бе, өте кішкетай әріптермен. Күлкің келеді...  Ақша құйып, сол құр сөздерге сенген адам соңында өзі кінәлі болып қалады. НЕГЕ? Жұмсақ айтқанда, оңайлықты іздегендігінен... Қарап отырсам, ондай алданған халық өте көп екен. Таң қаласың...

 

Міне, достар, көздеріңіз жетті деп ойлаймын. Енді интернет желісіндегі бизнес пен "оңай ақшаға" алданбаңыз! Жетістік әрдайым үлкен еңбекпен, қара термен келеді, соны ұмытпағайсыздар! Көмегім тиді деп сенемін! Абай болыңыздар, адал болыңыздар! Келесі кездескенше!