Орыс тілінде оқуға тұрарлық 3 кітап

Орыс тілінде оқуға тұрарлық 3 кітап
жеке
блог

Сіздердің әр пікірлеріңіз менің ізденуіме үлкен себеп болуда. Әр жазылған блогты басқаша жазып, жан-жақты қылып көрсетуге тырысып жатырмын. Сіздер пікір, саусақ көтерген сайын менің көңілімде көтеріле кетеді. Сондықтан әр жазбаға өз ойыңызды қалдыруды ұмытпаңыз. Алдында Еуропа жайлы жазғанымда, оқырмандар мені қызықтырған кітаптар жайлы жазуды сұраған болатын. Сол сұраныстарыңыз бойынша, әзірше 3 ұнаған кітап жайлы жазбақпын. Бір өкініштісі бәрі орыс тілінде :( Ал, кеттік!

1. Шантарам - Грегори Дэвид Робертс

Бұл кітап жайлы естімеген адам жоқ шығар. Дүние жүзі бойынша бұл кітаптың 1 млн тиражы сатылған. Әр Меломан кітап дүкендеріне кірген сайын бұл кітаптың көптеп сатылып жатқанын байқадым. Кейін кітап дүкенінен сатып алып, 3 күнде-ақ бітіріп тастадым. Бұл кітаптың көлемі үлкен болса да, менің қолымнан күні-түні түспейтін болды. Оқиғаның қалай өрбейтіні жайлы жазбай-ақ қояйын. Сіздерге бұл кітапты оқуға міндетті деп ұсынамын. Кейін бұл кітаптың 2 томнан тұратын шағын нұсқасын сатып алып, қызыма ғашықтар күніне сыйға тарттым. Кітапта бірнеше қызықты ойларды өзіңізге алуға болады. Әр бөліміндегі ойларды өз блокнотыма жазып алғанымда есімде. Қысқасы, оқуға кеңес беремін :) Кітапта маған ұнаған цитатаның бірі. 

"Каждый удар человеческого сердца — это целая вселенная возможностей"


2. Три товарища - Эрих Мария Ремарк

Бұл кітапты универде оқып жүрген кезімде досымның ұялы телефонында оқып жүргенін көріп, менде ұялы телефоныма басып алып оқығанмын. Ремарктың шығармашылығымен ертерек таныспағаныма өкінемін. Оның  бұданда мықты деген кітаптары біршама. Оның кез келген туындысы әлемдік рейтинг бойынша алдыңғы орынға шығатыны белгілі. Бұл кітап махаббат, достық, өмірдің құндылықтары туралы көп ой қозғатады. Кітаптағы әр теңеулер өте  керемет ұйқастырылған. Кітап оқып отырып, өмірдің құндылықтарын түсінесін. Қазіргі таңда интернетте, әлеуметтік желілерде Ремарктың кез келген цитатасы әр адамның статусына дейін көресін :) Бірақ ешкім кітабын аяғына дейін оқымаған. Осы бір кемшілікті жою үшін, сіздерге осы кітапты оқуға ұсынамын.

«Может быть» — вечно эти два слова, без которых уже никак нельзя было обойтись. Уверенности — вот чего мне недоставало. Именно уверенности, её недоставало всем.


3. Крестный отец - Марио Пьюзо

Әлемде "Крестный отец" жайлы естімеген адам жоқ шығар. Көп адам кітапты емес, фильмін көріп танып жатады. Бірақ фильм және кітап мүлдем екі түрлі жазылған, түсірілген. Сіздерге ұсыныс: фильм көрмей тұрып, кітабын оқуға кеңес беремін.  Кітапты бастағаннан бастап, сіздерге қатал, өз отбасын жақсы көретін, мейірімді, әділетті Донның кейіпі бірден ұнайды деп ойлаймын. Егер сізді мафия, клан, қызықты сюжет қызықтырса, бұл кітап сізге арналған. 

"Никогда не показывай посторонним, что у тебя на уме. Никогда не раскрывай перед чужими свои карты"


Көп жазуға уақыт болмады. Егер сізге осы пост ұнаса, маған ұнаған тағы да 3 кітаптың тізімін жариялаймын. Келесі посттарда кітап оқудың қандай пайдалары бар екенін жазып өтемін. Әзірше, осы тізімде көрсетілген кітаптарды оқуға кеңес беремін.