Араларға шабуыл.

Араларға шабуыл.
жеке
блог

Күн әлі батпаған кез еді.Уақыт күндегідей өтіп жатты.Үйдің жанын қоршаған шарбақтардың орта жағында сыртқа шығатын есік бар-тын.Ол есіктен шықсаң дәл алдыңда үлкен стадион тұрушы еді.Ауданымыздағы жалғыз стадионымыз ғой сол.Стадионның артқы есігі біздің үйдің жанындағы шарбақ есікке қарама-қарсы орналасқан.Түйіп айтқанда біз стадионның артында тұратынбыз.Ойнайтын көршілерім үйлеріне кіріп кеткен.Не істерімді білмей сандалып жүрген мына мен.Әкем үйдің сыртын әктеп,ал анам үй тірлігімен айналысып жүрген болатын.Қолыма бір шыбықты алдым да,көше бойлап келе жаттым,кенет көзім көшеміздегі құдықтан су алуға арналған құрылғы үстіндегі араның ұясына түсті (ұзағынай).Не боларын сезіп тұрсыздар ғой ә? Өзімнің қолым қышып тұр.Шыбықты дәлдеп араның ұясына қарай беттеттім.Көзімді ашып жұмғанымда үйге қарай бақырып жүгіріп бара жаттым.Үйге келіп жеттім.Әкем сатыға мініп шатыр астын әктеп жатыр екен.Ал аралар жарты жолда қалып кетті.Осыдан кейін араларға шабуыл жасaмайтын болдым.

Апамның үйінде жұлдыздар жайлы журналды парақтап отыр едім "Мәдина Сәдуақасова" жайлы мақаласы бар бетке көзім түсті.Ол кезде әріп танымаймын,сол суреттерді көріп отырамын ғой.Сүйікті әншімнің суретін қиып алайын деп,үйді шыр айналып қайшы іздеп біраз жүрдім.Тапқан соң суретті ұқыпты отырып қырқып алдым да оны пошта жәшігіне салып кеттім.Неге екенін өзім білмеймін,маған осы қызық болған еді.Бірнеше күн өткен соң сыртта жүрген менің көзіме пошта жәшігінде сарғайып жатқан әпкемнің суреті түсті. Енді оны алу керек болды.Жәшікке қолымды салғаным сол еді...

Не болғанын сезіп тұрған шығарсыздар иә? Ток ұрғандай болды.Айғайлайын десем сыртта адамдар жүр.Өз-өзімді жұбатуға тырысып қиналып ұзақ тұрдым. Иәәә...бұл жолы араларға байқаусызда шабуылдадым. Екеуімізде күтпеген едік. Кешке әкем жұмыстан келгенде 'жыламадым, айқайламадым' деп ісіп кеткен қолымды көрсетіп сүйінші сұрап жүрдім.