Гүлді алма бәліші (Байқау)
блог
Массагет сайты 15 сәуір ғашықтар күніне орай ұйымдастырған «Apple мәзір» байқауына менің ұсынар мәзірім "Гүлді алма бәліші" деп аталады. Үйдегі қолжетімді нәрселермен оңай әрі тез дайындалатын, дәмі таңдайдан кетпес бәліштің дайындалу долымен таныс болыңыздар.
Қажетті азық-түлік:
- 4 жұмыртқа;
- 2 алма;
- 200 гр қант;
- 170 гр ұн;
- 20 гр сары май не кілегей майы (маргарин);
Төрт жұмыртқаны ыдысқа құйып, миксермен араластырамыз, көбік тәріздес қоспа дайындаймыз.
Үстіне 170 грамм қантты салып, миксермен ары қарай араластырамыз.
Қант езілген соң, 200 грамм ұн қосамыз.
Ұнды салғаннан кейін көпіршік басылып қалмас үшін қасықпен не ожаумен мұқият араластырамыз.
Алманы суретте көрсетілгендей ортасынан бөліп, жіңішке тілім етіп кесеміз.
Қалыпқа арнайы пергамент қағазын төсеп, майлаймыз.
Бәліштің қоспасын қалыпқа құйып, пешке саламыз. 200 градуста 5 минуттай жартылай пісіріп аламыз.
5 минуттан соң, пештен қайта алып, алмамен суреттегідей безендіреміз де, 200 градуста 20 минут пісіреміз.
Піскен бәлішті бөлме температурасында суытамыз.
Бәліш дайын. Асыңыз дәмді болсын!!!
Үйде өзіңіз дайындап сүіктіңізді не жақындарыңызды қуантыңыз. Мәзірім ұнаса лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар.