Егер саяхаттауға мүмкіндік болса, ешкімге айтпай кетіп қалыңыздар
жеке
блог

Егер саяхаттауға мүмкіндік болса, ешкімге айтпай кетіп қалыңыздар

Сәлем, сәлем! Қалдарыңыз қалай? Мені сағынған жоқсыздар ма?)))

Блог жазбағалы көп болды. Жұмыстың көптігінен және жазуға шабыт келмегеннен кейінге қалдырып жүрдім. Демалыс күні Бурабайға барып, таулардан өзіме күш жинап, қайтадан бастауды жөн көрдім. Себебі саяхат кез келген адамның депрессиясын, шаршағанын басады. Бурабайға саяхат бір күндік шешім болды. Бұл өңірде бұрын достарыммен бірге барған болатынмын. Бірақ ол кезде көлікпен жүргесін, жаяу жүріп Бурабайдың әсемділігін тамашалай алмадым. Өз басым жылына әр жерге барып саяхаттағанды жақсы көремін. Барған елімнің, жерімнің саны күннен-күнге өсуде. Аллаға шүкір! Кез келген саяхат адамға үлкен қуаныш, қызықты сәттер алып келеді. Сол қызықты сәттерімді сурет арқылы сіздерге жеткізуге тырысамын. Ал, кеттік.

Астана қаласынан Бурабайға жету аса қымбатқа шықпайды. Астана-Бурабай бағытында жүретін поезд саны өте көп. Бағасыда аса қымбат емес. Мен және қызым электричкаға билет алдық. Бағасы әр адамға 845 теңгеден :) Электричка ішіде таза, отыруға ыңғайлы, мен ойлағаннан жақсы болып шықты. 

Жолда немесе автобуста кітап оқығанға не жетсін? Кітап қызықты болса, уақыт деген зымырап өте шығады. Шучинскқа қалай жеткенімді де білмей қалдым. 

Электричкамен бірден Бурабай курортына бармайсыз. Станция аты Бурабай курорты деп аталғанмен, сіз Щучинск ауданына келесіз. Сол жерден таксимен немесе автобуспен Бурабайға жетуіңізге болады. Таксимен барсаңыз адам басына 200 тг. Щучинсктың  өзінде 40000-дай адам тұрады екен. Бұл жерде ешқандай завод  немесе басқа да фабрикалар жоқ екен. Халық тек осы курорттық зонамен күн көреді. 

Осы жылы Бурабай курортында адамдарға арналған жүретін орын салып жатыр екен. Бұрын көліктің жүретін жолымен туристерде жүретін. Қазір Абылайхан алаңына дейін туристерге жеке жүретін жол салынып, аяқтауына жақын қалды.

 Егер жаяу жүргіңіз келмесе, Бурабай орталығынан Абылайхан алаңына дейін 200-300 тг баруға болады. Бірақ саяхатшы деген жаяу жүріп, барлық табиғаттың сұлулығын көрген дұрыс деп ойлаймын.

Мына сұлулыққа қараңыздаршы

Әйтеуір суретке былайда-былай түстік :)))

Достар, егер саяхаттауға мүмкіндік болса, ешкімге айтпай кешке отырып билет алып, біз сияқты кетіп қалыңыздар. Өзіңнің сүйетін адамыңмен бірге саяхатқа шығу, жалғыз жүргеннен артық болмаса кем емес. Осы бір күндік саяхат, сәттер ұзаққа сақталатыны сөзсіз.