Көктемгі хаттар..... (1)

Көктемгі хаттар.....   (1)
жеке
блог

    Дүниенің дөңгелектігі, мынау әлемнің сондайлық тарлығы шығар дейін десең адамдарды адаммен жолықтырып жататын.... Құдай тағаланың шексіз құдіретін ұмыт қалдырғандай боласың. Біз де сондаймыз... Тағдырымыз түйісіп, немесе өзіміз кездесіп қап, немесе әлеуметтік желіде үндесіп қап жатсақ та бәрін болмашыға санап, көз тоқтатып қарауға, көңіл бөліп ойлануға жалқаумыз... Десе де мына дүниеде оның бәрін ескере берсек өміріміз ұсақталып кетері шын...

   Иә... Бейтаныс қарындас!  Электронды поштаңызды аттай қалап хат жазамын деп алып, енді не жазам деп үнсіз отырғаным мынау... Бейтаныс бір кісіге «Сәлем» деп бастап тіл қатып, көріспеген көркем қызға көктем жайлы әңгіме айту да қызық қой...  Электронды поштамен!   

    Көктем демекші... Бәйшешектің қар астынан қылтиып шығып, көктемнің лебін сездретін сәтін, мамыр келе бөктерлерді қызғалдақ жауып әлемді әсемдікке бөлейтін кезін көзіммен көріп, көңіліммен сезінбегеніме үш пен төрт жылдың арасы болыпты. Амал не... Далада жүрсем қалаға, қалада жүрсем далаға асығатын албыртпын ғой. Сосын аңсау ғана ауылды....

   Күншуақта жатқан қозы-лақтың аузынан сүйіп, бұзау мінетін балалық шақ артта қалғанымен, сана түкпірінде сәулесі қалып қойған ғой... Көзің іліне кетсе түс боп еніп, түнгі ұйқыңды да бір жұмаққа айналдырады. Иә... Солай етеді.

   Оның бәрі сағыныштан туған әңгіме болатын... Ал... Сіз.  Сіз жүрген шығарсыз Астанада...  Жүректі ұрлап немесе жүректі ұрлатып! Сосын шығар «жүрегіңізді сақтаңыз» дей бергеніңіз...

Жүрек керек дейтіндер болса айтыңыз... Алсын, менікін!  Тек алыссынбасын...

Сәлем, қалқатай!