Тек қазақтар ғана
жеке
блог

Тек қазақтар ғана

Салем, сәлем! Бүгін жұмыстың көптігінен жазуға қолым тимей қалды. Мүмкіндігінше жазып бітірген жазбаларды салып тыруға тырысамын. Өтеу ауыр күн болды мен үшін :( Сол ауыр жұмыс күнінен кейін шәй ішіп отырып, әлеуметтік желілерді ақтарып мынандай жазбаға тап болдым. Кім жазғанын білмеймін, бірақ жазған кісі қарсы болмас деген ойдамын :) 

ТЕК ҚАЗАҚТАР ҒАНА…

1. Тек Қазақтар ғана — өз тілін запасқа сақтап, орыс тілін қолданады.

2. Тек Қазақтар ғана — тойдан түсетін ақшаға сеніп, несие алып той жасайды.

3. Тек Қазақтар ғана — несиесін несиемен жабады.

4. Тек Қазақтар ғана — Бəке мен Сəкеге сенеді.

5. Тек Қазақтар ғана — ыстық күні ыстық шаймен шөлін басады.

6. Тек Қазақтар ғана — «Стақанымыз соғысса да — басымыз соғыспасын» деп тілек айтып, бастары ақыры соғысып тынады.

7. Тек Қазақтар ғана — дəрігердің «Неге ертерек келмедіңіз?» деген сұрағына «Мəн бермей жүре беріппін, Қазақпыз ғой» деп жауап береді.

8. Тек Қазақтар ғана — ауырса өз-өздеріне диагноз қоя салады. Не "суық тиді", не "көз тиді" дейді.

9. Тек Қазақтар ғана — таныс емес нөмірмен біреу хабарласса «Бұл кім?» деп қасындағылардан сұрайды.

10. Тек Қазақтар ғана — киім алуға барғанда «Бір сезон кисем болды» деп сатып алады.

11. Тек Қазақтар ғана — «Ауыл деген — керемет қой» дейді де, өздері қалаға қашады.

12. Тек Қазақтар ғана — сұраса келе бір-бірімен туысқан болып шығады.

13. Тек Қазақтар ғана — «Келіннің ұлты маңызды емес, Қазақ болса болды» дейді.

14. Тек Қазақтардың балалары ғана — қонақ келгенде «аш» қалады, себебі олар — қонақ кеткен соң тамақ жейді.

15. Тек Қазақтар ғана — тойға AIGEN немесе IBRAHIM пакетін апарады.

16. Тек Қазақтардың ғана — үйінде ремонт болып жатса, «Жақында той болады…» дейді...

17. Тек Қазақтар ғана — пара бергенде «Мынаған — обед ішерсің» деп береді.

18. Тек Қазақтар ғана — жұрттың баласын мысал келтіріп айтады.

19. Тек Қазақтар ғана — демалыс күні үй тірлігін істеп, өліп шаршайды.

20. Тек Қазақтардың ғана — құтқаратын сөзі «Алланың өзі кешірсін».

21. Тек Қазақтар ғана — жоғалтқан затын үй жинағанда тауып алады.

22. Тек Қазақтарды ғана — банк қызметкерлері өздері звондап, несие төлеуге шақырады.

23. Тек Қазақтар ғана — бірінші көлік алады, сосын куəлік алады.

24. Тек Қазақтардың ғана — тойға келуі қиын, келген соң қайтуы қиын.

25. Тек Қазақтар ғана — өте бай, ақжарқын, қонақжай, ерекше Халық!