Ұшаққа мінуге дайындалайын

Ұшаққа мінуге дайындалайын
жеке
блог

Ақтөбе, құшағыңды аш!

Боранның салдарынан әуежайдағы жұмыс кестесі өзгермесе екен...

Пәле-жәленің бәрі басылып, Жаңа жылды аман-есен қарсы алсақ екен...

Ақтөбе – әдемі қала. Тәкаппар қала.

Мен үшін Ақтөбе - Әбілқайыр хан ескерткіші тұрған алаң ғана емес, сонымен бірге, Ақтөбенің теміржол вокзалы, оның жанындағы көпір.

Бұл көпірде талай өмір түңіліп, талай үміт алаулаған. Сезімдер бір-бірін тапқан...

Мәскеу деп аталатын аудандағы Иманов көшесі күзде сары жапыраққа толып жатады. №15 маңғаз автобустың жолы...

Жаңа аудандарды жатырқаймын, «Тұрғын үй қалашығы» мен ескі қала деп аталатын бөлік қана маған жақын...

Бүгін түс көрдім. Бір банданың құрамында түн кезіп жүрмін. Қымбат мейрамханалар, ойындар, сезімдер. Бірақ үйге жалғыз қайтуым керек екен. Әдеттегідей.

Айналамдағының бәрінің ішкі ойын сеземін. Өзімнің өз болып өмір сүруім қиын. Менің жаным үй-күйі жоқ адамдар жылынып ұйықтап жататын жылу құбырларының бойымен, Ақтөбенің қараңғы түкпірлерімен қыдырып барады...