Бақ шабама,бап шаба ма?
жеке
блог

Бақ шабама,бап шаба ма?

Қазіргі кезде "жұлдыз" болуды армандайтын адамдар өте көп тәрізді.Әрине,ел танып,біліп,мақтан тұтып,ақ батасын берсе,сеннен асқан бақытты жан жоқтай көрінер.Алайда,ең алдымен өз ортаңның жұлдызы болғанға не жетсін!Ғаламтордың пайдасы мен зияны қатар жүретіні белгілі.Қателеспесем,осы арқылы елге танымал болып,ең көп қаралған бейнероликтердің арқасында бір түнде "ғаламтор жұлдызы"атанатындар көптеп кездеседі.Мақтанарлық жай,қарапайым адамның мәртебесі өсіп,жақындарына қуаныш сыйласа,өзі үшін бір белесті бағындырса керемет емеспе?Тек жақсы жағынан танылып,ел мерейін өсіріп жатырса жақсы ғой...

Байқап қарасам,әсіресе инстаграм әлеуметтік желісінде көп лүпіл жинап,оқырмандарын көбейткісі келіп күлкілі видео түсіріп,өздері күлкіге қалып жүргендерін байқамайтын сияқты.Ерсі қылықтарымен танылудың жолы осылай деп ,ойға келгенін жасап жүргендерін көріп,езу тартып күліп,артынан сол күлгеніңе өкініп қаласын.Ал,"ғаламтор жұлдызы"атанып,қазіргі кезде тойларға шақыру алып жүрген Сайлаубектің бағы жанды.Қызыл тілден шыққан түсініксіз сөздерімен ерекшеленіп,үлкен-кіші таласа айтып,журналисттердің қызығушылығын тудырғанда болатын.Ақпарат агенттері мен телеарналар жарысып сұхбат алып,жеке өмірінде сөз етті.Мүмкін,бұлда бір талант шығар...Білмедім.Өз басыма мүлдем ұнамайды.

Ал,Шоу-бизнестің осы таңдағы жаңалығы,шуы болып жүрген "91"-топ,бет-бейнесімен көпшіліктің сынына ұшырауда.Ия,ел алдында жүріп,ән кештерін бергесін оларда "жұлдыз".Бір жағынан заманға сай,бір жағынан қазақ халқына тән емес тәрізді.

Менің түсінігімше,жұлдыз болу үшін ,міндетті түрде шоу жасау керек сияқты.Елдің назарын өзіңе аудару үшін қай жағынан болсада,тек әр жерде есімін айтылса болғаны деп ойлайтындар да бар.Бұл ой дұрыс емес-ау.Жаңа талант,әнші,биші,күйші т.б.өнер әлемінде жүруді қалайтын кез-келген адам шынайы болмысымен есте қалуға тырысуы тиіс.Қазақ елінен өнерпаздар көп шықса тек мақтанышпен қарап,тілеуін тілеп,биіктен көрінуі үшін қолдау көрсетіп демеуіміз керек.Жаңадан әнші шыға қалса "мынадайда әнші барма?ой,қазір көбейіп кеттіго"-деп айтудың керегі жоқ деп білем.Тамаша дауыс,сапалы әнімен елге өнерін көрсетіп жүрсе,дарынымен танылғысы келсе құба-құп.Уақыт өте келе шын талант иелері ғана халқының қошеметіне бөленіп киелі сахнада өз орнын табатыны белгілі.Мүмкін,біз елемейтін,өнерге жанымен ғашық,бойында таланты тұнып тұрсада,халқына таныла алмай жүрген өнер иесі,бір күні әлем танитын жұлдызға айналар.Бәрінін өз уақыты бар екенін ұмытпайықшы!Содан соң,"ғаламтор жұлдызы" болғың келсе, әр жариялаған суреттер мен видеоларды зер салып дұрыстап қараған жөн болар.Ұятқа қалып,абыройдан айрылмас үшін,тек "лайкка" лайықты туындылар салған дұрыс.