П. ТҮгеншиев: Жастар бұзылған!

П. ТҮгеншиев: Жастар  бұзылған!
жеке
блог

Қоғамда жастарға бағыттала айтылған еееең нашар пікір дер едім. Бұл пікірдің қашан пайда болып, кім айтқанын білмеймін. Бірақ, осы сөйлемнің ғасырдан ғасырға аманат етілтінін автор кезінде сезді ма екен?) Жақсы, енді тақырыпқа оралайын.

Менің бұл блогымды жазуға (тоқтап қалған болгымды жалғастыруға) сенбі күні елордада өткен бір шара себеп болды. ОЛ – Елорда Бизнес Форумы. Мұнда жас кәсіпкерлер, бизнесмендер республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп, өз кәсіптерімен, жобаларымен таныстырып, әр түрлі марапаттарға да ие болып жатты. Замандастарымның осындай интелектулды екендіктеріне қатты сүйсіндім де, іштей «Жастар бұзылып бара жатқан жоқ. Олар болашақтың іргесін қалап жатыр» деп күбірлеп қалдым. Жас кәсіпкерлердің жобаларына арнайы көрме де ұйымдастырылды. Көрмені аралап жүріп «Жаһан» журналын таныстырып тұрған жастарға көзім түсті де (осы жерде жүрек те басқаша бокетті), жақындап жандарына бардым. Сөйтсем, авторлары жап-жас біз қатарлы жігіттер. «Болашақтың» түлектері екен. «Жаһан» журналының мақсаты, шығарылымы туралы сөз еттік. Журналдың мақсаты – оқырманды тоқтаусыз оқуға, тынымсыз үйренуге, түрлі компаниялар құрып, лидерлік қабілетін ұштауға, татымды тәжірибе жинақтауға шақыру, тамырлы бизнестердің өрісін кеңейту, болмыс-бітімін жаңа заман талаптарына бейімдеу. Ал авторлар шетелде оқыған және оқып жатқан жастар. Журналды қолыма алып асықпай мақалаларына көз жүгірттім. Жарияланған мақалалар бизнес, инвестиция, білім, ғылым, денсаулық салаларын қамтиды екен. Журналмен танысып, біреуін қолыма алып, жөніммен кете бардым.

Блогты не мақсатта жазып отырмын? Осындай еңбекшіл замандастарымның қатарын толықтырғым келеді. Сол үшін сіздердің пікірдеріңізді білгім келеді. Қазір жастар бұзылып бара жатқан жоқ қой, иа? Олар, сіз, мен.. бәріміз. Мысалы, сіз сайт арқылы қоғамға пайдаңызды тигізіап жүрсіз. Ал, сіз шет елде оқып, елімізді шет елдіктерге таныстырып жүрсіз. Ал мен? Мен ше? «Кетігін тап та, бар қалан!» деп Абай атам айтпақшы, қаланатын кетікт іздеп жүрмін. Блогымды жалғастырсам деймін. Сіздерге қай бағыттағы блогтар ұнайды? Немесе қай бағытқа, салаға қызығасыз? Қазіргі жастарға, әсіресе, мектеп оқуышларына не қызық?

P.S. Сіз үшін түкке тұрғысыз нәрсе, басқа біреудің тағдырын шешуі мүмкін. Тағдырымды сіздің қолыңызға тапсырдым ;)