Мен Еуропаны не үшін жақсы көремін: 10 негізгі себеп

Мен Еуропаны не үшін жақсы көремін: 10 негізгі себеп
жеке
блог

Сәлем, Қазақстан! Менің блогымды оқитын адамдардың саны күннен-күнге өсуде. Алдында Ninety One тобы туралы жазылған пост 1000-нан аса көрсетілім жинады. Мен сияқты тәжірибесі жоқ, енді бастап келе жатқан блогер үшін бұл жақсы көрсеткіш. Massaget блог платформасының редакторларына, администраторларына осындай мүмкіндік бергені үшін мың алғыс дегім келеді.

Осыдан 1 жыл бұрын Еуропаға білім алуға барған болатынмын. Сол 1 жыл менің өміріме үлкен өзгерістер алып келді. Негізі саяхат кез келген адамның ой-өрісін, өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Сол бір жылдық саяхатта, көптеген қызықты оқиғаларға, түрлі ситуацияларға тап болдым. Сол сәттер арқылы осы Еуропаны жақсы көруіме әсер еткен себептер жайлы жазайын дедім. Ал,кеттік!

1. Архитектура

Әрине, ақша болса кез келген адам саяхатқа шыққанды жақсы көреді. Көп туристерді әр елдің архитектурасы қызықтырады. Сол архитектураға бай Еуропаның кез келген елінде көз тартар ескі ғимараттарды кездестіресін. Соғыстан кейін сақталған ескі қала, баяғы кезден сақталып келе жатқан түрлі ғимараттар, шіркеулер, музейлер кез келген туристтің көзін алады. Еуропада көк тіреген үйлерге аса қатты мән берілмейді. Сол баяғыдан сақталған үйлер, ғимараттар әр елге өзіндік ерекшелік береді. Сіздерді суреттермен толтыра берсем астыңғы түбіне жете алмайтын сияқтысыздар. Сол себепті 1-2  сурет қана саламын. Massaget порталында кішкене суретті көбірек бір жерге салуға мүмкіндік болса, сіздерді өзімнің суреттерімен жаудырар едім :)

 

2. Адамдардың ақпейілділігі, ашықтығы, көпшілдігі

Осындай алтын халықты басқа жерлерде көрмеппін. Еуропадан Қазақстанға келгенде осы адамдардың қадірін түсінесін :) Бұл жақта адамдардың сыпайылығы бірінші орында. Кез келген қиыншылық орын алса, соны аяғына дейін жеткізетін еуропалықтарға ырзамын. Алғаш келгенде қаланы дұрыс білмгесін көп адамның мазасын алғаным сөзсіз. Мазасын алсамда күліп қарсы алып, таба алмаған жеріне дейін апарып тастағанына өз көзіммен куә болдым. Отырыста немесе барда, кафеде кез келген адаммен тіл табысып кетуге болады. Еуропадағы әр халықтың көпшілдігі, ақпейілділігі осы еуропалықтарды жақсы көруіме себеп болды. Бір жағынан бұл тіліңізді жақсы көтеріп алуға үлкен мүмкіндік. Біздің адамдар да осы бір қасиеттерді өзінің бойына алса, нұр үстіне нұр болар еді.

3. Қоғамдық көлік

Бұл жайлы үлкен жеке пост арнауға да болады. Кез келген елде қоғамдық көліктің жоғарғы деңгейде екенін көріп таң қалдым. Метро, автобус және трамвайға бәріне ортақ абонемент болғаны өте тиімді. Кез келген аялдама да және метро станциясында билет алуға арналған автоматтар орналасқан. Сағат 00:00-ден кейін түнгі автобус жүретіні халыққа өте тиімді. Таксилердің қымбаттылығын ескеретін болсақ, түнгі автобус сізге жақсы вариант. Әр аялдамада автобустардың жүру аялдамасы түсінікті, картамен көрсетілгені, туристерге ыңғайлы. Айта берсем пайдалы тұстары өте көп. Егер Астана да метро болса, маған ешқандай көліктің қажеті де жоқ :)

 

4. Көліктің жолдары

Қазақстанның жолдары максимум 2-3 жылға шыдайды. Сол бұзылған жолға қайтадан тендер жүргізіліп, тағы да ремонт істейді. Ал, Еуропаның кез келген жолы сапамен, ұзаққа жасалынады. Германияның өзіндегі жолды алатын болсақ, көбісі Гитлердің кезінде салынған жолдар. Қысқасы, жолды ғасырлап салады :)

 

5. Кітапқа деген қызығушылық

Бізде автобуста немесе метрода отырып кітап оқитын адам көрдіңіз бе? Кітап оқып отырған адам көрсен, адамға деген көзқарасын да өзгереді. Біздің Еуропа да жүрген қазақстандықтар осындай жақсы жағын неге алмайды? Жаман қасиеттерін тез қабылдап, еуропалықтардың жақсы қасиеттерін үйрену біз үшін қиын нәрсе. Кез келген қалада жүріп келе жатып, әр бұрышта кітап магазиндері көп екенін көресін және сол магазинде адамдардың көптеп жүретінін көріп қызығасын. Ал, бізде бәрі ішетін жерде немесе клубтарда толып жүреді. Осы кісілерге қарап, менің де кітапқа деген қызығушылығым арта түсті.

 

6. Қарапайымдылық

"Казах без понтов беспонтовый казах" демекші, еуропалықтардың қарапайымдылығы бірден көзге түседі. Мен болған Польша елінде қымбат көліктерді мүлдем көрмейсін. Киімге деген қарапайымдылық, мені таң қалдырды. Әрине, егер сіз Франция және Италия сияқты елдерге барсаңыз, киімді үлкен талғаммен киінеді. Ал қалған елдерде киімге аса қатты мән бермейді. Олар тек сапаға және тиімділікке мән береді. Мүмкін, бензиннің қымбаттығы көліктің аздығын білдіретін шығар. Бірақ Қазақстанда бензин қымбаттаса да, кредитке болса да 200-ге мініп алатыны сөзсіз :)

7. Шенген келісімі

Бұл барлық саяхатшыларға үлкен плюс деседе болады. Себебі, әр елге виза жасап қиналмай, бір визамен бірнеше елге кіруге болады.

Шенген визасы – бұл Шенген келісімінің мүше-мемлекеттері арасында кедергісіз жүруге мүмкіндік беретін бірыңғай виза. Шенген келісімі күшіне енген (1995 жылдың 26 наурызы) кезден бастап, Шенген зонасы ішінде жүру үшін бірнеше виза алудың қажеті жойылды – кез-келген бір елдің елшілігінен Шенген визасын алған жеткілікті. Шенген визаларының екі түрі бар – бір реттік және бірнеше реттік. Егер бір реттік Шенген визасын алған болсаңыз, онда Шенген зонасының шекарасын төлқұжатыңызға визаны қойған ел арқылы ғана кесіп өте аласыз («алғашқы кіру ережесі» деп аталады). Мысалы, егер Сіз визаны Франция елшілігінен алған болсаңыз, онда Франция арқылы барасыз. Бір реттік виза Шенген зонасында 90 күннен аспайтын мерзімге дейін болуға рұқсат береді. Бірнеше реттік виза Шенген аумағына бірнеше рет кіруге және виза иесіне Шенген келісімінің мүше-мемлекеттерінің бірінде немесе бірнешеуінде жарты жыл ішінде 1 айдан 90 күнге дейін болуға рұқсат береді. Бұл ретте «алғашқы кіру ережесі» сақталады.

8. Табиғаты

Польша елінде оқығандықтан осы елдің табиғатымен таныстырғым келіп тұр. Себебі өзің тұрған, өмір сүрген жер кез келген жерден артық. Польша өзінің табиғи байлығымен кең болмаса да, басқа елдерден қалыспайды. Бұл елге де жылдап туристердің саны артып келеді. Ал әрі қарай Еуропаға жол тартсаңыз Еуропаның табиғатына ауызыңызды ашып  келетініңізге 100% сенімдімін. Әзірше, сіздерге Польшадағы Закопане деген жерден бірнеше суреттер.

Өзімнің суреттерім болып кеткеніне айып етпеңіздер :) Сол саяхаттан қалған суреттер осы.

9. Кафе, кофейня және түрлі мейрамханалар

Еуропалық стильдегі мейрамханалар, кофейнялар бұл менің әлсіздігім. Кей адамдарға клуб ұнаса, маған осындай тыныш жерлер жақын. Еуропалық бағытағы кофейнялар және кафелерді кез келген бұрышта кездестіресін. Даласында орналасқан жайлы ресторандардың жанынан жай ғана өтіп кету күнә. Осы бір кішігірім кофейнялар және кафелер осы қаланың сәнін келтіріп тұрады. Көп суреттер сала берсем, тым ұзаққа кететін сияқтымын. Осындай бір суретпен сіздерді бір қызықтырып қояйын : )

 

10. Шоппинг

Бұл енді қыздарға ұнауы тиіс. Менде киімді талғаммен киінгенді жақсы көремін. Жылтырағанның бәрі киім емес. Еуропада Қазақстанда жоқ әлемдік брендтерден жақсы киімдер алуға мүмкіндік бар. Өтпей қалған аяқ киімдер, қысқы киімдер, спорттық киімдер және тағы да басқа киімдерді жақсы бағамен аутлеторталығынан табуға болады. Аутлеттерде 50%-70%-ға дейін үлкен жеңілдіктер болады. Қазақстанда қымбатқа сатылып жатқан әлемдік бренттерді жеңілдікпен, жақсы бағаға ала аласыздар.

 

Егер сізге осы пост ұнаса, саусағыңызды жоғары көтеруді ұмытпаңыз. Әлі де осыған ұқсас посттар жазып тұруға тырысамын. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін, достар!