Жаңа бастама. Массагеттің тұрақты оқырманы

Жаңа бастама. Массагеттің тұрақты оқырманы
жеке
блог

Сәлем, массагеттіктерім!

Массагеттегі жаңа бастамамен таныс болыңыздар! Бүгіннен бастап апта сайын «Массагеттің тұрақты оқырманын» анықтаймыз.

Бұл атауға ие болу үшін:

– апта бойы сайтта жарияланған материалдың барлығымен дерлік танысып, қалаған материалыңызға пікір жазасыз.

– блог жазам десеңіз – құба-құп.

– сайтқа қашан тіркелгеніңіз, қашаннан бері оқитыныңыз маңызды емес.

– тек бір апта қорытындысы шығарылады.

Апта соңында оқырман «Осы атауға ие болғым келеді» деп өзін ұсынуына болады немесе ең көп пікір иесін өзіміз таңдаймыз.

Әр апта сайын анықталған «Массагеттің тұрақты оқырманына» бірнеше сауал қоямыз. Оқырман жайлы ақпарат және сауалға жауаптары, оған қоса суреті «Жұлдызды блог» бөлімінде  жарияланады.

Бұл жоба арқылы оқырмандар бір-бірін жақынырақ таниды және қазақ тілді сайттың ілгері жылжуына, дамуына бірге үлес қосамыз!

Массагеттің жұлдызы болуға асығыңыз, құрметті оқырман!