25 жас – қазақ: «Кәрі!», кәріс: «Ерте әлі!»

25 жас – қазақ: «Кәрі!», кәріс: «Ерте әлі!»
жеке
блог

Мына жазбада не айтқысы келді екен деп ашқан боларсыздар. Былай ғой)))... Кеше кәріс сериалын аударып отырып мынадай бір ой келгені. Қазір жер бетін кәріс сериалдары жаулап алды ғой. Қазақ даласын айтпай-ақ қояйын. Өздері бір көңілді әрі сондай инабатты ғой. Көбіміз де айтып жатамыз кәріс сериалын қарасақ қазақты көргендей боламыз деп. Іс-әрекеті, қылықтары қазақтарға келеді деп қоямыз. Сол кәрістің қыздарының неше жаста тұрмыс құратынын да білеміз. Жігіттерін айтпай-ақ қоялық. Олар 30-дан асса да жас өздеріне.

Ал қазақ ше?.... Он үште отау иесі деген бабаларымыз. 25 деген жас бар). Қаншама ақын-серілердің әні мен жырына арқау болған жас. Жігіттерге тұсау салатын, жастық шағына нүкте қояр жас. Бұл жас біздің қазекеңнің қыздарына тіптен айтылмайды. Бұл жаста сен болды «отырып қалған кәрі қызсың»))). Солай ма?... Расымен де 25 жаста қазақ қыздары тұрмыс құрса болмай ма екен?...Менімше, ол соншалықты қартаятын жас та емес қой.

Міне, осыны массагеттік көзі ашық достар, сіздердің талқыларыңызға салып отырмын.