Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ...керек екенмін...

...керек екенмін...

...керек екенмін...

Мен жолда көп жүремін. Оқуым басқа қалада болғасын, күнімнің көп сағаты жолда өтеді. Әр сапар барысында титтей де болса ой түйемін. Себебі, түрлі жағдайға тап боласың. Қарап отырмай солармен бөлісе отсам. Кім біледі біреуге бір ой салар.

Оқудың алғашқы күндері болатын. Үйге қайтайын деп көлікке отырдым. Жүргізуші, мен және оқушы. Жүргізушінің реңіне, сөйлеген мәнеріне қарасам елге алыстан оралған қандасымыз секілді. Жолортада оқушы ұл үйінен түсіп қалды. Ағайға ақшасын беріп еді, жүргізуші жүру құнының аз ғана бөлігін алып, қалғанын шоколад алып же деп қайтарып берді. Көңілім бір жылып қалды. Мейірімділік, бауырмалдық ия?! Одан мені әңгіме тартты. Сөйлесіп отырмыз. Оқуымды сұрады, білім жайлы сөз талқыладық. Мен бакалавр бітіріп, магистратураға түскенімді айттым. Ағай қуанып қалды. Әңгімелесе отырып қалаға жеттік. Жол жүру құнын ұсынып, түсуге беттедім. Бірақ, жүргізуші ағай қанша ұсынсам да ақшаны алмады. Бар айтқаны: «Сендер сияқты оқыған адамдар біздің елге қажет, ақшаны игілігіңе жарат». Алғысымды айтып түсіп қалдым. Көңілім жылып қалды. Жоқ, тегін келгенім үшін емес, «сендер сияқты оқыған адамдар елге қажет» деген бір ауыз жылы сөз үшін. Содан ойландым, менде еліме керек екенмін ғой, жақындарымыздан бөлек біздерге үміт артатын азаматтар бар екен ғой. Солардың үмітін ақтау керек.

P.S:

ü  Кейде ойлаймын, елдің қадірін сырт жақта жүрген бауырлар бізден әлдеқайда мың есе түсінеді деп. Себебі, біз көп жағдайда жанымызда жүрген не қолымызда бар нәрсенің қадіріне жете бермейміз. Алыстағыға әуесіміз ауып тұрады.

ü  Жылы сөз адам жанын семіртеді!

4
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 20 наурыз 2016, 13:59
Тегтер: Такси. Ақша. Ой. Жол. Мейірім. Магистратура. Оқу. Жүргізуші.

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.