Ninety One (91) тобының жауабы

Ninety One (91) тобының жауабы
жеке
блог

 

Қайырлы күн Қазақстан! Кешегі жазған блогымды көрген адамдар саны  күннен-күнге өсуде. Сіздер менің блогымды көру арқылы менің күнімнің жақсы өтуіне себепші болып отырсыздар. Сіздерге үлкен рахмет :)
Кеше жазған тақырып менің ғана блогымда емес, жалпы интернет көлемінде үлкен талқылауға түсуде.. Сол жазған пікірлерді қарап отырып, сіздерге қарап қарыным ашады достар! Шығып отырған топтан ешқандай бір қыздық қасиет немесе гей деген сияқты әңгіменің иісін де сезіп тұрған жоқпын. Қазір ол топты қорғай бастасам, тағы бір жағымсыз пікірдің иесі мен боламын. "Сіз бұл топты қорғап отырсыз, сіз көгілдірсіз, соның ар-жақ бер жағысыз"- деген сияқты әңгімелер кететіні сөзcіз. Кез келген әлеуметтік желіге кірсеңіз адамдардың жазған жағымсыз пікірлерін көріп, көңілім қатты қалып кетті. "Неге адамдар қатыгез"-деген сұрақтар ойымнан шықпай қойды. Әлде бұл көреалмаушылық па? Білмеймін :(
 
Ең алғаш Ғалымжан Молданазар өзінің жаңа бағытымен шыққанда ол да үлкен қысымға тап болған-ды. Бірақ ол ешқандай пікірлерге мән бермей, өзінің ұнататын ісін ары қарай жалғастыра берді. Қазіргі таңда Ғалымжан Молданазарды тыңдамайтын қазақ жоқ. Мүмкін, бұл топта осылай тоқтамай өздерінің музыкаларын жалғастыра берсе, жоғарыдағы көрсеткен мысалдай болады дегенге сенемін. Менің қазағым сіздерді мұндай күйде болғандарыңызды қаламаймын. Кішкене болсада жақсылық танытып, өзіміздің балаларымызға, інімізге, ағамызға жалпы барлығына қолдау көрсетейік. Қазақтың барлық қиындықтары осы топқа тіреліп қалған сияқты. Мүмкін мен қателесем, бірақ MC Сайлаубек шыққанда біз оны мазақ қылып ішкізіп, ел аузына таратқан болатынбыз. Міне сол Сайлаубектің әнін мазақ қылып, әлі күнге дейін тыңдаймыз. Оның қасында бұл жігіттердің музыкасы, биі, өнерлері бұдан да үлкен қошеметке тұрарлық. Менің музыкалық білімім болмаса да, бұл топтың музыкаға деген көзқарасы мүлдем басқаша екенін білемін. Сол себепті, қай қазақ қандай бағытта бастаса да, оны тым қатты сынамай жол көрсеткеніміз жөн болар. Ринат ағамды айтыскер ретінде, қазақтың жанашыры ретінде қатты сыйлаймын. Бірақ ол кісінің өзінен кіп-кішкентай балаларды шайтан деуі тым артық деп ойлаймын. Бұдан да басқа көптеген қиындықтар жетерлік. Баласын өлтіру, аяусыз адамды ұру, бірін-бірі сату, терроризм айта берсем жақсылықтың орынын жамандық басып барады. Ал, біздің қазақтар үлкен қиындықтардың орынын жабуға емес, жаңа қиындықтар тудыруға шебер. Бұл мәселені қозғаған себебім, интернетте отырып бірін-бірі жамандау, кемшілік іздеу, негативті пікір айту үлкен трендке айналып барады. Сол себепті осы жігіттерді қолдау мақсатында осы постты жазып отырмын. 
 
Кеше постты жазып болған соң youtube-тағы Ninety One ресми каналынан бір әнге тап болдым. Бұл ән барлық хейтерлерге жауап десем қателеспеймін. Сол топтағы рэп орындаушыларының қысқа екі минуттық трегін тыңдап, осындай болжамға келдім. Трек өте ауыр, музыкалық эффекттермен жоғары деңгейде жазылған, ұйқастары жеңіл тілде оқылған РЭП. Сөздерін түсіну сізге өте қиын болатын сияқты. Сол себепті мәтінімен бірге осы тректі сіздерге жариялайын. Тыңдаңыздар! Назарларыңызға рахмет :)
 
 
 
A.Z:
Əнші дейд(і) мыналарды, кәміл білетіндей, қалай үндемей қалам(ын) мен?
Қанағаттандыра алмағандықтарыңыздан - біз мұнда!
Қуіпсіздендірілмегендіктеріңізден, кінəлі біз емеспіз!(ха)
Біз шыққанда, бəсекелестікке тұра алмай жұлдыздар ағуда!
ZaQ:
Гə-гə-гу, стиль-у, сөзім айналып тебеді - кунг-фу!
Жолама дейм(ін) мұнда, біз ең бйік деңгеймен кең таралған жаңа буын!
У-у, рэпті оқу(у-у) келмейді мендей(йей),
Енді көтереміз, бізге дейін шоу-бизде болмады деңгей!
A.Z.:
Құлақ түр, келгелі мен, керең деген адамдарың ести бере-беред(і), бара-бара нақты!
Талғамың дараларда, бар оларда, ала алмаған басқалардан көре алмаған затың!
ZaQ:
Келе-келе, неге сендер керек емес десем де мен, көбейтіле бересіңдер?
Терең берем(ін) кеңесімді: белесіңді келесіде келесіге қалдыр!
A.Z.:
Тоқтамай көздеген бағыттан, біз алда, басқалар-аутта!
ZaQ:
Жіберген толқын бір қалыпта! Терең əсер беріп халыққа,
A.Z. & ZaQ:
Кем дегенде, төменнен мен көтерілем(ін) төңкерем(ін) деп, көмкерілген өнеріңе төтеп берем(ін)!
Көтеріңдер қолды, жер толды бұл толқынға толықтай!
 
A.Z. & ZaQ:
 
Hook:
Айыптама мені, айтылған сөздеріме!
Айыптама мені, шоу-бизнес өзгеруде!
Айыптама мені, біз кінəлі емеспіз, бұл күн əлі де, есте қалады мəңгі, ескер!
 
Айыптама, боялған көздеріме!
Айыптама,шоу-бизнес өзгеруде!
Айыптама! Біз болғанда пайда, басқалары тайды, а, қарсылас қайда!