ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМДЕР
жеке
блог

ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ ЖАҢА ЕСІМДЕР

Сәлем, сәлем достар! Басқаша қалай бастарымды да білмедім. Кейбір блогерлердің өзінің бір "ерекшелігі" болып жатады. Ал, мен жәй ғана ойыма келген сөздерді біріктіріп, тұтас бір сөйлем құруға тырысамын. Сондықтан, қатты сынамаңыздар, бұл менің massaget.kz порталындағы бірінші жазбам. Бүгінгі қозғағалы тұрған тақырыбым қазақ музыкасы жайлы. Дәл қазір Қазақстанда сапалы дыбыс мүлдем жоқ десе де болады. Себебі, Қазақстанды толықтай той әндері жаулап алғаны белгілі. Әрине, әншілерге де ақша керек, бірақ ақша керек деп сапалы әндер шығармау да бұл халықтың наразылығын тудырады. Біз де сіздерге қалай қаражат керек болса, бізге де сапалы әндер қажет. Сондықтан той әндеріне көп көңіл аудара бермей, бір ерекше дүниелер шығарсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. 

Кейінгі уақытта қазақ музыкасыда да елеулі өзгеріске ұшырағаны сөзсіз. Себебі, жаңа бағытта жаңа әншілер пайда бола бастады. Міне, сол бағыттар да жұмыс жасап жүрген әншілерді, музыканттарды сіздермен бөлісейін деген ниетпен, осы бір постты жазып отырмын. Бастайық:

1. Ғалымжан Молданазар

Молданазар Қазақстандағы ең ерекше, музыкалық талғамы мықты, өзінің әр әніне ерекше мән беріп қарайтын әншілердің бірі. Ғалымжан бұрын бірнеше әншілерге ән жазып, бірақ өзі тасада қалып қоятын. Міне, қазір өз күшіне сеніп, жаңа бағытта барлық Қазақстанды шулатқаны сөзсіз. Өзінің бейнетаспалары да ерекшелігімен бірден көзге түседі. "Ақпен бірге" деген әні шыққанда, тек қазақстандықтар емес, барша әлем осы бір әншінің әндерін тыңдай бастады. Сөзсіз бұл әншінің әндері менің плейлистімде алдыңғы орында. Сіздердің назарларыңызға "Ақпен бірге" бейнетаспасы.


2. G.H.A.D тобы 

Білем, қазақ рэпі сіздерге мүлдем таныс емес. Бірақ осы бағытта жұмыс жасап жүрген жігіттерді таныстырғым келіп тұр. G.H.A.D қазақ рэпінің нағыз классикасы десем қателеспеймін. 2000 жылдары Қазақстанды шулатқан топтардың бірі. Осы жақында "Бүкіл Қазақ Даласына" деген үлкен альбомы шыққан болатын. Тыңдамаған музыка жаншырларына  кеңес беремін. Ал, қазір сіздердің көретініңіз менің сүйікті бейнетаспам "Түн". Бұл трек өте мағыналы және спасы да керемет. Көремз :)


3. Qazaq Lounge

Бұл тамаша проекттің авторы Алматылық музыканттар мен Ақмарал Зыкаева. Бұл проект бірнеше әншілердің қатысуымен ұйымдастырылған. Сіз "Lounge" стилінде тек қазақша әндер тыңдаған боларсыздар. Өз басым осы бір бағытта өңделген бір әнді білмейді екенмін. Өте жоғарғы деңгейде жасалған сапалы жұмыс десе қателеспеймін. Қазақтың халық әндерін жаңа бағытта жеткізу және халық әндерін тыңдата білу көп адамдардың қолынан келе бермейді.  Сол себепті осы тізімнің алдыңғы орнына кіріп отыр. Тыңдаймыз. 


4. Нaзарбек Оразбеков

Бұл әншіні естімеген шығарсыз, бірақ Назарбектің бірнеше клипі шығып үлгерді. Әндерінің өзі ерекше, "Зауал" деген әні бірден плейлисттен орын алды.  Осындай әншілердің көп болғанын қалаймын.  Болашақта осы бір жігіттің шығармашылығын қарап, тыңдап жүретіндей болдым. Сіздерге де кеңес беремін. 


5. Mercury

Бұл әншінің шығармашылығына Вк желісі арқылы тап болдым.  Әлі аса танымал емес, бірақ интернет арасында өз тыңдармандарын тапқан әншілердің бірі. Егер жақсы демеуші болса, алысқа жететін әнші деп ойлаймын. Мерей өзінің әндерін "lo-fi music"  бағытында орындайды.  Бұл бағыт бізде мүлдем танылмаған, бірақ интернет желісінде бұл әншіні жақсы қабылдауда. Елімізде жаңа бағытта жаңа әншілердің пайда болуы, бұл біздің музыкамыздың алға басуының бір себебі. Бағалаймыз!


6. BVLBROWN тобы

Халық арасында аса танымал емес, бірақ интеренетте бірнеше әндерімен өзінің тауып жүрген топтардың бірі. Біраз әндерін жатқа да білемін. "Барамын алыстап",  "Жазғы күндер" "Сүйгенді сүй" деген әндері өзіме қатты ұнайды. Әндері көбінесе R&B стилінде жазылған. Жалпы топтың музыкалық идесы, сапасы өте керемет. Жарайсыңдар! 


Кейде үйде жалғыз отырып,  өзіме ұнайтын әнімді  қосып басқа бір әлемеге барып келегендей боламын. Бірақ сол әндердің қатырында көбінесе шетелдің әндері тұратыны өкінішті. Себебі, қазақ тілінде сапалы дыбыстың жоқтығы, осындай әндерді тыңдауға итермелейді. Ал, жаңа бағытта жаңа әншілердің әндері бірден плейлистімнен орын алады. Себебі, мен қазақ  музыкасының жаңашырымын. Қазақ әндерінің, қазақ есімдерінің басқа жерде, елде де тыңдағанын қалаймын. Жоғары да тыңдаған әндер, музыкалады естіп, қазақ музыкасының әлі де өлмегенін көріп отырмын. Осы бір музыканттарға алда шығармашылық табыс және бізді жақсы музыкамен қуанта беріңіздер. Назарларыңызға рахмет!