Үш жарым сағатта ұйқыны қандыруға бола ма?
жеке
блог

Үш жарым сағатта ұйқыны қандыруға бола ма?

Уақыттың қадіріне үлкен маңыз беретін мына заманда адамдар биологиялық ырғақты дұрыс қалыптастыруға асығатыны анық. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрғандай, ырғақты өзгеріс адам ағзасында да байқалады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік әрекетіне әсер етеді. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап, тынығады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Дегенмен де, ұйқы - белсенді түрде жүретін психикалык және физиологиялық үдеріс.

Ұйқы - мидың үйлесімді кызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асықпай талдап, ертеңгі қызметіне кажетті бағасын белгілейді. Ұйқы арқылы ағза өзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді. Сондықтан да, денеміздің саулығында ерекше орын алатын ұйқыны тиімді пайдалану үшін бірнеше кеңестерді ұсынғым келіп отыр.

Ұйқы гармондарының белгілі уақытта бөлінетіні жайлы медицина саласынының ғалымдары зерттеуден өткізген. Мысалы, денеміздің ояу қалуына ықпал ететін кортизол гармоны таң атқаннан кейін ең көп мөлшерде бөлініп бастайды. Ғалымдардың айтуынша, кортизол түнгі сағат он бірге таяу бөлінуін бәсендетіп тоқтатады. Керісінше, денеміздің өсуі мен ағзамыздың тынығуына әсер ететін мелатонин гармоны 21:00-03:00 арасында белсенді түрде бөлінеді. Ал жүректің жұмысына қарайтын болсақ, сағат түнгі оннан бастап адамның қан қысымы баяулап, жүректің ырғағы бәсендей бастайды. Жүрек қозғалысының ең белсенді уақыттары 04:00 мен таңның атуы арасында ғана жалғаспай, 15:00-18:00 аралығында да орын алады. Сондықтан да, жүрек соғу жиілігінің жоғары болған кезеңдерінде ұйқыға талмаған жөн.

Cегіз сағаттық ұйқыны қалай үш жарым сағатта тамамдауға болады деген сұраққа медицина докторлары былай жауап береді. Түнгі он мен түнгі екінің арасында ұйқының 200%-дық әсері бар екен, яғни осы аралықта үш сағаттық ұйқыңыз алты сағаттық ұйқыға тең болады. Ал, жүрек соғысының баяулайтын кезі күндіз 10:00-13:00 арасында жарты сағатқа мызғып алсаңыз, ол ұйқы 400%-дық әсер береді екен. Сондықтан, жарты сағат ұйықтасаңыз, екі сағат ұйқыға талғандай боласыз. Керісінше, түнде 03:00-07:00 арасындағы ұйқының тек 50%-дық әсері бар. Қысқасы, түнгі үште жатып түскі үште тұрып, мен бүгін он екі сағат бойы ұйықтап, ұйқымды қандырдым деп ойласаңыз қателескен боласыз. Себебі, шындап келсек, сіз тек алты сағат ұйықтаған болғансыз. Уақыттың қадірін білмей, өміріміздің тең жартысын ұйқымен өткізуден сақтасын.