Үлкен сағынышым

Үлкен сағынышым
жеке
блог

 

Сағыныш бұл әрине керемет сезім . Алыста жүрген ата- анама деген сағынышым . 11 жыл бойы бір мектепте оқып ержеткен сыныптастарыма деген сағынышым . Осы сағыныштарымды дерлік біріктіретін үлкен сағыныш бұл әрине , кіндік қаным тамған туған жерім Қайнарыма деген сағынышым . Ауылым кішкене ғана болса да , туған жер қайткенмен әркімге де ыстық екені шындық . Ауылымның көркін беріп тұрған қайнарбұлақтың Қалыбай , Қобылынды , Абыралы тауларының құзар биігінен сылдырлап аққанының өзі керемет көрініс. Асқар таулары Алматының Алатауыннан кем түспейді . Атаулы мереке күндері , кезінде өзім өнер көрсеткен Мейзек ән-би ансамбльі ауылды , ауыл жұртшылығын әсем- әні мен , әуезді күйімен қуанышқа бөлейді . Абыралы өңірінен шыққан өнер саңылақтары да аз емес . Қазақ халқын әлемге танытқан Әміре Қашаубаев . Бейбігүл Ахметқызы Төлегеновада 1929 жылы Абыралы өңірінде дүниеге келген екен . Осындай аты аңызға айналған азаматтармен жерлес болғаныма мақтанамын . Қарағанды қаласында оқып жатқаныма 8 айдың көлемі болды,бұл аз уақыт емес дегенменде , мен ауылымды әлі күнге дейін сағынамын ,ансаймын . Қалай болғанда да, Қайнар – кең жазиралы киелі алқап . Ақын Иса Биназаров :

 

Арқаға аты шыққын Қайнар, Абыралы,

 Жерінен не керегің табылады .

 Дегелең ,Қайнар ,Абыралы ,Таңат, Ақбұлақты,

Көрген жан шалғай кетсе сағынады.- деп шабыттана жырға қосады.

 

 Арман етіп , аңсап көріскен туған жердің құшағы қашанда ыстық !