"Жас Ұлан" ұйымын біле жүрейік!
жеке
блог

"Жас Ұлан" ұйымын біле жүрейік!

Жас ұлан ұйымы

Қазақстанның Республикалық балалар қозғалысы

5

Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні "Жас ұлан" ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді. 2011 ж. 1-қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев " Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.

1

"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.

Ұйымның мақсаты

 

Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Ұйымның міндеттері

/userdata/uploads/u68328/1455819908_l.jpg

Ұйымның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.[1]

 

 

 

"Жас ұлан" ұйымының рәміздері

"Жас ұлан" ұйымының рәміздері: ту,галстуг, төсбелгі,эмблема

 

Ұйымға қабылдау жылына 3 рет : 1 -мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 6-шілде - "Жас ұлан" құрылған күні, 16- желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

 

Жүзеге асырушылары: 6-9 жас - Жас қыран, 10-16 жас - Жас ұлан, мектеп басшылығы,ұйым жетекшісі,класс жетекшілер, ата - аналар.

 

"Жас ұлан" ұйымының бағыттары : Парасат, Таным, Ұлт рухы,Тал бесік,Жігер,Жеті Жарғы,Еңбек.

 

"Жас ұлан" ұйымына қабылданушының анты

Біз,Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйының қатарына кіре отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге, Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды мақтаныш етуге,ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты аялауға, "Жас ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /АНТ етеміз!/

 

Басқару құрылымы

Ұйым жетекшісі - Мектеп Ұланбасы - Топ Ұланбасы - Топ қыранбасы - Класс Ұланбасы - Класс Қыранбасы - бөлімдер бойынша жауаптылар

 

Ұйым жұмысынан күтілетін нәтиже

Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру.Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

 

"Жас ұлан" ұйымының жұмыстарын жүзеге асыру барысында ерекше жеке жетістіктері үшін оқушылар мадақталады(грамоталар, дипломдар,лагерьге жолдама, "Жас ұлан" Алтын кітабына ену)

 

Жас ұландар әні Әні мен сөзін жазған Ұ.Ж.Жаналиева Біз ұланы Қазақ елінің Туған жерін, сүйген Отанын. Әке жолын, ана мейірімін, Бойға жиған қасиетін.

 

Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа! Қырандай қарышта. Еліміздің абыройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын!

 

Көп білуге ұмтыламыз Өнер, білім, ғылымға. Кеудемізде ар мен намыс Жетелейді бізді алға.

 

Қайырмасы: Жас ұлан, қалыспа! Қырандай қарышта. Еліміздің абыройын Асқақтатып әлемге Нық ұстайық байрағын!

 

Фотосуреттерде: Ақмола облысы, Есіл ауданының Жас Ұландықтары