Ал, маған келгенде бәрі де кеш....
жеке
блог

Ал, маған келгенде бәрі де кеш....

Бүгін неге екенін білмеймін, көңілім босап сен есіме түстің. Саған көп нәрсені айтқым келеді, ертең болмасын, әйтеуір тағдыр жазуымен бір кездесетінімізді білемін. Саған деген өкпе-ренішім көп. Мен сәби кезімнен бастап, әкелік махабаттың қандай болатынын сезбей,сезінбей де келемін, сезінбей өтемін де. Ол мен үшін жат нәрсе . Мен ес білгелі бері тек жанымнан алтын Анашымды және нағашыларымды ғана сезініп, көріп келемін. Сен бере алмаған махабатты Анашым еселеп өтеп келеді. Аллаға мыңда бір шүкіршілік етемін, маған осындай қамқор, адал, мейірімді ананы сыйлағанына. Мен ол кісі үшін бар өмірімін , ол кісінің де мен үшін орны  солай. Маматайым сізді қатты жақсы көремін.

Сен менің алғаш қадам басқанымда, мектеп табалдырығын аттап, білім ала бастағанымда, алғаш жеткен жетістерімде, қуанған сәттерімде не қиналып, көз жасымды төккен кезде, мектеп бітіргенімде, болашаққа жасаған алғашқы қадамымда маған демеу болып, мені қолдап, саған мұқтаж болған кездерімде қасымнан табыла білдің бе? Жоқ, олай болмады...

Менің түсінбейтінім, сен сонда мені есіңе де алмай, ойсыз-қамсыз жүрдің бе? Қалай болғанда да сенің тұңғыш қызың емеспін бе? Сені сонда қызым не істеп жүр екен, аман ба екен, біреу ренжітіп жүрген жоқ па екен, жылап жүрген жоқ па екен, қиналып жүрген жоқ па екен, мені сағынып,мені ойлап, мені іздеп жүрме екен, менің көмегіме, қолдауыма мұқтаж емес пе екен деген сұрақтар сені мазаламады ма? Жүрегің ауырмады ма? Сансыз түндерде қалай тыныш ұйықтадың? Тамағыңнан қалай ас өтті? Мүмкін менің Алла жазған тағдырым осы болар. Мүмкін маған әкелік махабатты сезініп өту бақыты бұйырмаған болар. Мен саған ренжімеймін де, кінә артпаймын да. Себебі сен мен үшін бөтен адамсың. Мен әкенің қандай болатынын білмеймін де. Сонда да бір түсінбейтінім мен саған керек емеспін бе, мені сағынбаймысың, менің саған еркелеп қарайтын көздерімді, шынайы қуанған кездегі күлкімді армандамайсың да ма? Жануар да баласын тастамай қамқорлығына алып,қорғаштап жүреді ғой. Сен неге сондай болмадың?  Саған көп нәрсе айтқым келеді. Әттең айта алмаймын... Осы айтып жатқандарым саған жетпейді де ғой. Сонда да ішімдегімді шығарып, босатып алайын деп саған хат жазып отырмын. Осы хаттты жазу барысында көзімнен жас тоқтамай, сенсіз өткерген күндерім көз алдыма елестеді. Қиналған сәттерімде сені іздеумен, сені шақырумен болдым. Бірақ сен келмедің. Неге? Осы сұрақ мені мазалайды. Неге мені керек қылмадың? Бала болып сен қасыма келіп, бәрін өзгертуге тырысқаның да ғой. Әттең, олай болмас... Себебі мен өстім, оң солымды ажырата алатындай жасқа келдім. Өмірді өзімше түсінемін. Сонда да менің бала жүрегіме өшпестей, өмірлік  сызат қалдырдың. Бір күні кездескенімізде маған не айтпақсың, өтей алмаған қарыздарыңды, міндеттеріңді қалай қайтармақсың? Бәрінде бір сұрақ? Жауабы жоқ сол сұрақ? Неге? Тағы да көзіме жас оралып, қиналып отырмын.

Қарапайым, сен менің нендей затты жақсы көретінімді, қызығушылымды, сүйікті түсімді, тамағымды да білмейсің ғой. Білуге тырысып, талпынбадың да. Неге? Айтшы неге? Кездескен кезімізде осының бәрін айтқым келеді саған, бірақ айтпаймын, себебі сен оған тұрмайсың. Сен мен үшін бөтен, жоқ адамсың. Сені өмір бойына солай қабылдап өтетін боламын. Саған ренжіп, сені қарғыстамаймын да. Барлығы өз уақытысымен болып, Алла тағала әділетті екеніне сенемін. Сол себепті кейін менің балаларымда, сен сияқты жауапсыз, қатыгез әке болмайды. Ин ша Алла солай болғай.

Кездескен кезімізде сенен тек менен басқа қанша балаң бар?- деп сұраймын. Сен жауап қатқаннан кейін. Енді соларға қамқор болып, мен сезініп, көре алмаған, маған бұйырмаған махаббатыңды соларға сезіндер деп айтамын. Ал маған келгенде бәрі де кеш....

Мен ішімдегі бар толғанысымды, күйінішімді бір бет парақ арқылы саған жеткізе де алмаспын. Бір білетінім сен соған тұрмайсың да. Қош сау бол менің, ақымақ әкем.

Р.S. Мен танитын, керемет арудың жан тебіренісі... Алла  бәрімізге үлгілі ата-ана болуды жазсын!