Неге "ЖАҢАҒЫны" жиі айтамыз?

Неге "ЖАҢАҒЫны" жиі айтамыз?
жеке
блог

Алдыңғы жолы да көше атауларына қатысты маңызды мәселені айтып кеткен едім. Бұл жолғы әңгіме де соған ұқсас, яғни сөйлеу әдебі. Студенттер мен  мұғалімдердің, көптеген қандастарымыздың  тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер  көп кездеседі.Олар: жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі т.б. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады. Осыны алғашында білмеп едік, рас. Бірақ фонетика маманының ескертуі арқасында көзіміз ашылды. Енді бұл сөздерге мүлдем ұрынбаймын десем мақтанғаным емес. Сіздерге де, құрметті жастар берер кеңесім осы. Сөз саптауларыңызды түзеңіздер, сөзге абай болыңыздар. Дүниеде үш-ақ нәрсені қайтара алмассың. Ол атылған оқ, айтылған сөз, өткен уақыт.

         Сондықтан да бірінші мәселе: сөйлеу әдебін қалыптастыратын  сөйлеу сапаларын әрдайым ескеру қажет. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

         Студент тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1.     Ортаның әсері;

а) студенттің сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді

ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл)

2.     Сөйлеу дағдыларының жоқтығы  (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);

3.     Жекелеген студент тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.б.)

«Сөйлей білу – өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.