Түсірілген кез келген видеоны интернетке сала беруді қою керек...
жеке
блог

Түсірілген кез келген видеоны интернетке сала беруді қою керек...

Бұл видео кеше вконтакте желісіне салынған бойда, әлеуметтік желі қолданушылары ызаға булығып, неше түрлі ғайбат сөздер айтып шуласып кетті.

Бұл видео бірнеше әлеуметтік желіге салынып кеткесін менде өз ойымды білдіргім келді. Видеодан қолы сынған бүлдіршін анасына ауруханаға барайық деп жалынып, жылап жүр.Ал анасы шайтан суына тойып алып, баласына неге түрлі ғайбат  сөздер айтып, тіпті ұруға әрекеттеніп жүр.Әрине осындай кезде осындай аналар да бар екен ау деп, іштей күйінесін.

Алайда ата - ананы таңдап ала алмайсын. Осы видоны түсіріп, әрине көмек қолын созғысы келген болар автордың.Алайда оны арнайы орындарға немесе журналистерге тапсырып, толығымен зерттеп алмастан әлеуметтік желіге салып, таратып жіберуге де болмайтын сияқты. Видеодағы бала, көріп тұрғандай мектеп оқушысы.Ал бұл видео таралып кеткен бойда, оны таныстары, достары, сыныптастары міндетті түрде көреді. Сол кезде балаға не болады. Одан кейін ол қалай достарының алдына қалай шығады.Сол видеодан кейін, құдай сақтасын ұялғанынан өзіне бір зиянын тигізіп алса не болады? Міне менің қорқатыным осы...

Мұндай жағдайлар көп отбасында бар..Алайда оны видеоға түсіріп, рұқсатсыз интернетке сала берсек арты жақсылыққа апармайды деп ойлаймын.