Телехикая армандағы өмір бола ала ма?

Телехикая армандағы өмір бола ала ма?
жеке
блог

Телехикаяларға әуестігім бала кезімнен қалыптасты. Ішім пысқанда немесе ештеңе ойламауға тырысқанда осы телехикаяның шым шытырық оқиғаларына қанығуды жаным сүйеді. Жылтыраған өмір. Күйеуі шіріген бай. Байлығы тіпті қайын жұртын шетелге демалдыртуға жіберуге дейін жетеді. Зәулім үйде тұрады. Судай жаңа көліктер. Не ішем не жейім деп басты қатырмайды. Күнде соңғы үлгідегі киімдерді киіп, дайын асқа дастарханға отырады...Енді тізе берсем жетеді. Несін айтасың керемет өмір. Телехикая - әркімді болмасын армандағы өмірге сапар шектіреді. Үйде отырған келіншектерді үй жұмысынан қолы босаған уақытта дәл массаждың бір сеансына барғандай демалдырса, ата-әжелердің бір-бірімен әңгіме дүкен құрудың тақырыбы, тіпті болмаса қартайған шақта көздерінен жанары кеткендіктен бір әдеби романды оқығандай болады. Кейбір жас қыздар  болашақ күйеу жігітінің мысалын дәл осы телехикаялар кейіпкерлерінен іздейді. Ауылдағы жұртшылық осы телехикаямен күн тәртібін құрып, жұмыстарын да телехикаялардың көрсетілетін сағаттарына сәйкес жоспарлайды. Сиыр, қойды жайылымнан қарсы алып. Үйдегі барлық жұмыстрын бітіріп, телевизор алдына жайғасып тіпті кешкі шайды да соған ыңғайластырады. Былай айтқанда телехикаяның көрсетілім уақыты отбасы мүшелерінің бір жерге жиналуына тіпті себепкер етіп те алсақ болады. Кейбіреулер телехика дегенді ести салысымен "ой жоға, мен ондайды мүлдем көрмеймін" деп шығады. Бірақ қысқасы телехикая әлдекімге уақыт өткізудің бір түрі. Мен үшін телехикая ауыр жұмыс күнінен кейін бір сәтке болсын, ыңғайлы диванға қисайып, демалудың бір түрі. Ал сіздер үшін? жалпы массагеттіктер арасында телехикаяны ұнататындар бар ма?