Мен "Алтын балықты" неге өлтірдім????

Мен "Алтын балықты" неге өлтірдім????
жеке
блог

Мен "Алтын балықты" неге өлтірдім????

Бір кезде балық аулауға барған тұғынмын.  Содан күн неудачный болды ма? Білмедім. Че та балық шықпай қойды. Сосын өзіме, қой Саят, бүгін балық жоқ қой, қазір кішкене отырып, сосын үйге кетемін деп, біраз өзімді жұбатып отырған едім. Кенет ,бір нәрсе қармақты жұлқи-жұлқи бастады. ООО, олжа -деп мәз болып, тартып қалсам, сап-сары бірдеңе  шыға келді. Анықтап қарасам: «АЛТЫН БАЛЫҚ» екен. Мен  аң-таң болып таң қалып тұрмын. Сосын ол маған қарап тұрып:

-Өтіменім, мені жібере салыңызшы- деді. Мына балықтың сөйлегенінен кейін, таң қалғаным былай тұрсын, вопшім шок болып болып қалдым:

- Не?...ісссен... ісссөйлейтін балықсын ба?

-Ия, Саят, мен сөйлейтін «алтын балық» боламын. Өтінемін, мені қоя бер. Сенің кез келген үш тілегіңді орындап беремін. Тек мені жіберсең болды. -мына балыққа жаным ашып кетті:

-Жарайді, Тек менің үш тілегімді емес, «бір ҮЛКЕЕЕН тілегімді» орындап берсең, сені жіберемін.

-Айта бер, Саят, кез келген дедім ғой.

-Маған инабатты, иманды, ақылды, сыпайы, ешкандай жігітпен жүріп көрмеген, ешкандай жігітпен сүйісіп көрмеген, ешкандай жігітпен болмаған, таза, пәк, бойы ұзын,аяғы түзу, фигурасы 90-60-90,  өте пысық, еңбекқор, жігітін әрқашан сүйіп, аймалап жүретін, махаббатқа адал, жігітінің көңілін еш уақытта қалдырмайтын, жігітін майда-шүйдеге қызғанбайтын, әсем де, көркем адал жар, адал, адамгершілігі мол ҚАЗАҚ қызын тауып бер.- деп сұрадым. Алтын балық біраз ойланып қалып:

- мммм........ не ғой........ Сәке..........оданда мені өлтіре салшы –деп жауап берді. Мен тағы да таң қалып:

-нееееееееееее????  Не үшін???  Не болып қалды??? Неге??? 

-Сәке, Мұндай сен айтып кеткен талапқа сай қазақ қызы, бұл 21-ғасыр заманында мүлдем жоқ. Тіпті мынау жахандану заманында ендігәрі болмайтын да шығар. Мұндай қыздар тек бұған дейінгі заманда өмір сүріп кеткен. Сондықтан Сәке ренжіме, бұл тілегіңді орындай алмайды екенмін.- Мен қатты ызаланып:

- Не? Мұндай қазақ қызы жоқ дейсің бе? Ей, оңбаған балық сен не деп тұрғаныңды білесің бе, а? Анау жоқ деген аузыңа жылан жұмыртқаласын (аузын екіге айырып тастадым). Ал өлтіре сал дедің бе? Онда тілегіңді орындаймын, «алтын» емес ақымақ балық. Мәә өөөөөөл! –деп бұл балықты бір жолата өлтіріп тастадым. Сосын қасымдағы итім "Ақ төске" қарай лақтырып жіберіп едім, ол да (аш қой деймін) бірден қағып алып, жұта салды.

П.С.  Менің бұл балықты өлтіргеннен көңілім орнына түспеді. Керісінше, бір күдік орнатып кеткендей болды.Күнде ойланамын, анау «алтын балықтың» айтқаны шын болып қалса ше? Шынымен мұндай қызды бұл өмірде таба алмасам ше? Жооқ оның айтқаны жалған, өтірік. Қайдағы бір балықтың сөзіне сенемін бе? Қайдан ғана кездесті екен маған?  Осы сұрақтар мені күнде мазалай береді. Ой түбіне шомылып, шегіне жете алмай келемін?????????????