Махаббат

Махаббат
жеке
блог
Жоғалған қыз
 
Қаракөз, жанымды еліткен,
Жоғалдың ғайыптан неліктен?!
"Күт мені, келем" деп кетіп ең,
Қалып ем көңілмен желіккен.
 
Ару қыз, жүректі еріткен,
Жоғалдың ғайыптан неліктен?!
Сені әлде жетелеп кетті ме,
Сол күні біреулер еріккен.
 
Жоғалдың, келмедің, мен күттім,
Сөндірмей сәулесін үміттің.
Ботакөз, қайдасың бұл күні,
Жандырдың бағын қай жігіттің?!
 
Сол кездер қандай ед бал шырын!
Айтылмай қалып ед жан сырың.
Сен неге соңғы рет сол сәтте,
Кездестің менімен жасырын?!
 
Кеудемді күн болып нұр еттің,
Жаныма үзілмес гүл ектің.
Бізді ылғи көргенде балалар,
Салушы ед суретін жүректің.
 
А.Тұржанов