МАХАББАТ!!!!!!!!!!!!!!!!!

МАХАББАТ!!!!!!!!!!!!!!!!!
жеке
блог

 Хақиқатты сүю — адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін М. Мұндай хақты сүю М-ы жайлы өз М-тарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған. Сондықтан М. ұғымын ға-лам жаралуының сыры, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иасауи, Абай, Шәкерім сияқты ғұламалар жырларына жүгініп, М. сырын түсінуге болады. Мұсылман діни танымында рухани кемелденудің шыңы болып табылар — “дидар талапқа” жеткізер басты күш-қуат осы М. Сондықтан ислам ғұламалары М-ты құдайдың “Халық” есіміне сай жаратушылық сипатының телеол. қағидасы ретінде қарастырды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде: “Хазірет Хақ субхана уа тағала: мен кеңістіктің бір бұрышында жасырынулы тұрған кен-қазына едім. Менің Тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып барша, ғаламды жараттым”, — деді. Осы хадистен Тәңірінің адамға арналған М-ы барша ғалам жаралуының мақсатты себебі екендігі, яғни телеол. қағида туындайды. “Махаббатпен жаратқан адамзатты” деген қағида Абай, Шәкерім секілді ислам ілімінен сусындаған қазақ ойшылдары шығарм-ның негізгі мәні мен маңызы болғандығы мәлім. Мұсылмандық шығыста М. тақырыбында жырланған субъект — объектілік қарым-қатынас айқын, ол — ғашық пен мағшұқтың өзіндік орындарымен, қолданылар теңеулерімен анықталады. Мәселен, субъект — ғашықты көбелекке, объект — мағшұқты отқа балап Иасауи былай жырлайды: “Көбелек боп отқа түстім, шоқ боп ұштым, мінеки”.Ал Шәкерім “Сорлы бұлбұл жазға асық боп, нұрлы гүлге айтты зар, Көбелек те отты алам деп, Шамға түсті боп құмар”, — деген өлең Шығыс дәстүрінде қалыптасып, М-тың объект — субъектілік ішкі қарым-қатынасының мәнін ашатын от пен көбелек, раушангүл мен бұлбұл, т.б. теңеулерге жиі барады. “Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы” — деген Иасауи, “ариф” — хақты танушы ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану арқылы, өз тереңіне үңілу арқылы жетеді деп біледі.