Мақсат арманға жетелейтін жол

Мақсат арманға жетелейтін жол
жеке
блог

Мақсатсыз адам қанатсыз құспен тең дейді, сондықтан кез келген адамның өмірлік мақсаты болуы қажет. Адам жылдық жоспар құрып, оған жету жолдарын қарастырғаны дұрыс. 

Ол үшін сізге:

1. Бір парақ қағаз  немесе блокнот қажет. Қағазға да мән берген дұрыс. Ол қағаз қызыл түсті болса тіптен жақсы, қызыл түс арманды алға жетелеп тарту энергетикасы жақсы болады. Қағаз әдемі әсерлі безендірілген болса ол қағазға сізге де жазуға ыңғайлы болады. (Мысалы мен өзіме дәптер алып оның сыртын әдемілеп қаптадым. Оған 2016 жылғы армандарым деп нақты 7 арманымды жаздым.)

2. Ол қағазға күнделікті мақсаттарыңызды жазыңыз. Ол мақсаттан негізгісін ерекшелеп қойыңыз тіпті нақты уақыттарын белгілеп қойсаңыз өте тамаша. Күнде мақсаттарыңызды оқыңыз орындалған мақсаттарды белгілеп отырыңыз. (Сол дәптердің келесі бетіне 1 арманымды жаздым, мысалы "пәтер алу 2016 8 тамызға дейн" деп ерекшелеп койдым да, алу жолдарын жаздым, мысалы 1. кезекке жазылу, 2. 1000 000 мын ақша жинау 3. Ипотекалық жеңілдіктерді банктерге звандап білу т.б.) 

3. Жыл біткен соң мақсаттарыңызды оқып шығып, саралаңыз. Орындалмағанды жаңа блокнотқа жазып оған келесі жылдық жоспарыңызды жазыңыз.

4. Егер сіз әлі нақты өмірден не қалайтыңызды білмесеңіз, одна өзіңізге қажетті 18 нәрсені жазыңыз, содан соң оның ішінен ең қажеттісін таңдап алыңыз. 

Әр мақсат нақты қағазға жазылғаны дұрыс. Арманға жетелейтін ол мақсаттар. Әр күніңізді жоспарласаңыз уақытыңыз үнемді әрі пайдалы өтеді. Жақсы өмір нақты талап пен мақсаттарды және еңбекті қажет етеді.