Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Эх, сол бір күндер... СОР БІР КҮНДЕР...

Эх, сол бір күндер... СОР БІР КҮНДЕР...

Эх, сол бір күндер... СОР БІР КҮНДЕР...

Сезім... Күтпеген кездесу... Романтикалық сәттер мұның бәрі шын өмірде кездесетін ғажайыптар. Бала кезімнен өлеңге жаным құмар болатын. Бірақ, анам ұстаз болғандықтан бірінші кезекте оқуға назар аудардым. Мектеп қабырғасында «ақын бала», «оқымысты» деген атым болатын. Мұғалімдер қауымы бұзықтықтарыма көз жұма қарайтын. Несін айтайын 8-сыныпта мені Көкшетауға лагерге жіберді. Сол жақта Ақжамал деген қызбен таныстым. Бала махаббатпен сол қызға өлең шығарып жүріп өзіме қараттым. Көкшеде өткен 2-аптам қызыққа толы болды. Алғашқы бал сезім, алғашқы сүйіс... Жалпы өмірге деген көзқарасым өзгеріп, өзімді азамат сезіндім. Бірақ, Көкшеден соң Ақжамалды көрмедім. 2009ж Алматы қаласыда ҚазҰПУ-дың 80-жылдық мерей тойына орай Республикалық «Абай әлемі» студенттер фестивальі болды. Сол додаға біздің универден мен келдім. Алматыға алғаш келуім жабырқап отырғанымда біреу «Шахмұрат» дегенде бұрылып қарасам бір сары қыз күліп қарап тұр. Қасыма келіп бетімнен сүйіп, құшақтап жатыр. Бұл кім деп ойланып тұрғаным. Мен Ақжамал Көкшетау қаласы есіңдеме? Ия... ия... Қалай ғана құлпырып кеткен. Неткен ғажап? Мен оны ұмытып кеткенмін... Тек, есімде қалғаны Ақтаулық қыздың ерке қылықтары... Ол ТЕХ-тан (М.Әуезов. Шымкент.) келген екен. Міне осылай біз қайта қауыштық. Ол маған әле ғашық екен. Мен үшін Шымкентке тапсырыпты. Мені Шымкенттік деп ойлаған екен...

 9-сыныпта оқып жүргенімде сыныптасым  Лаура есімді қызға ғашық болдым. Сол қыз үшін ауылдың ана басынан, мына басына доп ойнауға баратынмын. Мен қалаға оқуға ауысып кеткен соң Лаурамен арақатынасыма нүкте қойылды. Лаураны қызғанып талай төбелескен едім. Біз мектеп бітірген жылы Лаураны алып қашып кетті. Бірде ауылға барсам Лаураны үйі шақырып жатыр екен. Сол кеште Лаурамен вальс биледім. Жүрегім атша тулап, өзімді ыңғайсыз сезіндім. Менің балаң махаббатым өзгенің жары... Ойлап қарасам мен өзім үшін қымбат жандарды өзгеге тарту етіп жатам. Жоқ, еріксіз қоштасып жатам. Бұл менің қаныма сіңген қасиетпе екен деген қорқынышта жоқ емес. Ия, мен өмірде жанымнан артық көрген тағы бір жаннан көзімді жазып қала бердім. Мен оны құлай сүйдім. 2,5 жыл кездесіп жүрдік. Болашақ жарым, перзенттерімнің анасы болар жан деп құрмет еттім. Ол мед.академияда оқиды. Болашақ дәрігер. 3-курс оқып жүргенде оларды практикаға ПЕРЗЕНТХАНАға жіберіпті. Аздап ренжісіп жүрген кезіміз маған звандап «кіндік ана» атандым. Мен бір сәбидің жарық дүние есігін ашуына себепкер болдым дейді. Мен «ана», сін «Әке» атандыңыз дегені. Сол кезде қуанғаным. Шынында әке атанғандай. Ештеңеге қарамастан Кентаудан Шымкентке түнгі сағат 03:40 та жүріп отырдым. Айлы түн. Кәрі қайың саясында бір-біріне құмартқан қос ғашық... Маған басын сүйей: «Мен бүгін бақыттымын. Сіз менің жанымдасыз. Қашанда қасымда болыңызшы... Қандай жағдай болмасын мені сөге көрмеңіз. Мен сізді жұлдыздар айды қаншалықты биік көрсе, менде дәл солай өзімнен биік көрем...»- деп, айтып көзін жұмып ұйықтап кетті... Ал, мен үнсіз ойға баттым... Неткен бақыттымын... Жоқ! Біз неткен бақытты жандармыз...

       Айта берсем қызықтар тым көп... Ең өкінерім бір қарындасымнан әле күнге дейін ұялам. 2-курс оқып жүргенімде, менің бірінші курсыма Гүлсана деген қыз түсті. Факультеттің қыздардың ішінен сол қызды шын ұнаттым. Менің ойымнан еш хабарсыз ол «аға-аға» деп ағынан жарылып жүреді. Өзім пайдаланған бар материалды беріп барыншы жағымпаздандым. Солай 3-ай жүріп сөз салдым. Ол қызда ақын жанды еді. Біз өлеңмен хат алмасатынбыз. Кітаптың арасына хат салып өлеңнен өрнек өретінбіз. Содан ол келісім берді. Имандылығында шек болмайтын. Бір күні Гүлсананың ең жақын құрбысы Фарида «сен менің күйеу балам» боласың. Гүлсана меннен 2,5-ай кіші демесі барма. Содан жұрты не дегенімде «Саңғыл» дегені. Мен күліп ия ол «Саңғыл», өйткені мен «Саңғылмын» дегенмін. Сөйтсем Гүлсана шынында Саңғыл екен. Ұялғаным-ай... Бір ай бойы кездесуден қашып жүрдім. Олда солай жасады. Кейін ашып сөйлестік. Бір шама уақытқа дейін Гүлсананы қарындасым деп қабылдау қиын болды...

 Менің өзім романтикаға сенбеймін. Оған себепте жоқ емес. Ең жақында болғанын айтайын. Бір сыныптасы группаласымды ұнатып қалды. 3-жыл жүрді. Ақырында үйленді. Бәрі жақсы. Тек, өткенде группаластар бас косуында бір группаласым сенің сыныптасын «Мадуды» ұрып, жамбасын шығарып жіберіпті демесі барма. Алматыдан барғанда естігенім. Ашуланып кеттім. Менің сыныптасым. 11-жыл оқымасамда балалық кезеңімді бөліскен Ғанидан мұндайды күтпеген едім. Қалай алды... Қалай жүгірді... Қалай жылады сол үшін... Енді? Не себеп себеп сол баяғы Мадудің отбасының жағдайы төмен, Ғани бақуатты... Осы дүние бөлінісі түбімізге жетері анық... Міне, бар мен жоқтың теңесуі уақыт өте өз үкімін айтады... Соза бермей сөзді доғарып Эстафетаны Жанның Саясына беремін.

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 08 сәуір 2012, 01:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.