Ерлігінің сыйы — өмір
жеке
блог

Ерлігінің сыйы — өмір

Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.

Соғыс миллиондаған адамның өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп соғыс әр отбасы өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. 

Сұрапыл соғыста көптеген адам Отан үшін жан тәсілім етті. Жаудың қарша бораған оғының астынан аман қалғандар да болды. Олардың кейбіреулерін кеудесіндегі ерліктері үшін тағылған медальдары құтқарып қалды. Дәлірек айтсақ, атылған оқтар жауынгерлердің медальдарына тиіп, өздері аман қалған.

Жақында Вконтакте әлеуметтік желісінде отырып осындай медальдарды көзім шалып қалды, соларды өздеріңізге көрсетсем деп едім.

Мынау қандай медальдар екенін нақты біле алмадым.

Ұлы отан соғысының медальдары 

Ұлы отан соғысының медальдары



"Үздік пулеметші"-ге берілетін медаль.

Ұлы отан соғысының медальдары



"Еңбегі үшін" берілетін медаль.

Ұлы отан соғысының медальдары



"Ерлігі үшін" медальдары.

Ұлы отан соғысының медальдары



Ұлы отан соғысының медальдары



Ұлы отан соғысының медальдары


Суреттер Вконтакте әлеуметтік желісінен алынған.