МАХАББАТҚА ДА БІРЛІК КЕРЕК

МАХАББАТҚА ДА БІРЛІК КЕРЕК
жеке
блог

МАХАББАТҚА ДА БІРЛІК КЕРЕК

Махаббат – ыстық сезім. Махаббат – дерт. Бірақ емі жоқ. 
Ғасырлар ауысып, уақыт өткен сайын «махаббат» дейтін сөздің де махаббаты кетті. Көшпелі қазақ үшін ар мен ұят ең бірінші орында, махаббат одан кейін тұраты еді. Ұят пен сезімнің бір-біріне деген сыйластығынан от тұтанып, екі жастың бір-біріне деген ынтықтығы ымырасыз бір арнаға тоғысушы еді. Етегін көтерген қыздың абыройы айрандай төгіліп, қара бет саналатын. Жә, бұл өткенде қалып кеткен ертегі сынды. 
Бүгінде заман басқа дейміз. Басқа деп басқаша жасап алған өзіміз. Басқа кім болсын. Бүгінде махаббаттың дәмі бір түн. Бір түнде ар мен ұяттың көз жасы көл болып тамады. Жә, бұл да бүгіннен өтіп бара жатқан қызық емес «тема» болып барады. Бізге керегі дәп қазіргі махаббатың қыл көпір үстіндегі хәлі. Сомен...
Сезім үшін сарылған жігіттердің жанына бататыны – көлік пен үй. Одан қала берді қалтаның қалыңдығы. Бүгінде қыздардың талғамы биік. Ол биіктікке сіз жеттіңіз бе жетпедіңіз бе қызық емес. Талғамға сай дүниеңіз бар ма, бар. Жоқ па, жоқ. Екі-ақ жауап. Тап қазіргі күнде көлік пен үйді алу үшін жігіттің жағдайы болу керек. Құдай тағдырын солай етіп жаратқан болса оған кінәлі бала емес. Екеуара түсінік керек. Бір сөзбен айтқанда махаббатқа да бүгін бірліктің бағасы керек. Бірлік бар жерде тірлік бар. Тауып айтқан. Ақыры екі жарты бір бүтін болып қосылған екен, бір арнаға қарай жол салған екен, қиындық болса бірге көргенге не жетсін. Өмір сонысымен қызық. Әгараки, ақ боз атты жігітіңізді сезімнен гөрі байлығымен қарсы алғыңыз келсе ұзақ жүріп қалуыңыз да ғажап емес. 
Қаңбақ секілді жел түртсе ұша бермей, әркімнің етегіне жабыса бермей бір жерде қалған жөн. Көлік пен үйді Құдай береді тіпті болмаса. Тек сізден ақыл мен иманды талап етеді. Артық дүниенің де керегі жоқ. 
Құдай: "байығың келсе екеу бол» деген екен. Ал бір қосылып байып қалыңдар. Бәлкім сіз күткен байлығы шаш етктен төгіліп жатқан жігіттің күні бір күні бітіп, сіздің сүйгеніңіз, адал сенгеніңіз бітпейтін ақша толы баққа бастар... ә!