Мүшәйра
жеке
блог

Мүшәйра

МҮШӘЙРА -  2015
 
«ЖЕБЕСІ ЖЕЛМЕН ЖАРЫСҚАН...»
атты жазба ақындар мүшәйрасының
 
ЕРЕЖЕСІ
 
ВК әлеуметтік желісіндегі "Жамбы ату" ұлттық спорт түрін қолдап - қуаттау тобы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Жебесі желмен жарысқан» атты жыр мүшәйрасын жариялайды.
 
Қазақтың төл спорты жамбы атуды насихаттау, жалпы ұлттық спорт түрлеріне, соның ішінде жамбы атумен садақ атуға тоқталу, жамбы ату спортын жан жақты ашу  – ақындар үлесі. Ақындар жалаң мадақтауға, жалпылама ұранға, құрғақ қиялға, сылдыр сөзге салынбай, жамбы ату спортының тарихын ел тарихымен бірлестіре, ұлт ұлағатымен, терең философиялық түсінікпен, шынайы да шырайлы тілмен жырлаулары тиіс.
 
Мүшәйраның ұйымдастырушысы:
ВК әлеуметтік желісіндегі "Жамбы ату" ұлттық спорт түрін қолдап - қуаттау тобы ;
Мүшәйра жеңімпаздары Наурыз мерекесі қарсаңында анықталады, мүшәйра шарттарына сай келген жырлар "Жамбы ату" спорт түрін қолдап - қуаттау тобының жеке парақшасында жарияланады. 
Мүшайраның мақсаттары мен міндеттері:
Жамбы ату ұлттық спорт түрін насихаттау;
Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу;
Дарынды ақындарды қолдау, шығармашылығын дамыту;
 
Мүшәйра шарты:
Жамбы ату спортына арналған бір жырын ұйымдастыру алқасына жіберулері керек.
Қатысушылар: 
Мүшайраға қатысушылар жасы шектелмеген.
Қазылар алқасы:
Үміткердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне, тақырыптан қарай талдау жасайды.    Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
Марапаттау:
Мүшәйраның жеңімпаздары дипломдармен, медалдармен және елімізге танымал ақындардың жыр жинақтарымен марапатталады.
Тағайындалатын сыйлықтар:
Бас жүлде – біреу;
Бірінші орын – біреу;
Екінші орын – біреу;
Үшінші орын – біреу;
Атаулы сыйлықтар – екеу;
Ынталандыру – төртеу.
Мүшәйраның талаптары:
 
Мүшәйраға жаңа жазылған, ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады, еш жерде жарияланбаған өлеңдер қабылданады.
 
Автор өзі туралы ұсынылып отырған №1 қосымшаға сай мәліметтерді жолдауы қажет, аты-жөні, ауданы (қаласы), мектебі, сыныбы, (жұмыс орны, қызметі) телефоны туралы толық мәліметі бар тапсырысты төмендегі электронды поштаға жолдануы тиіс: gauxar_koja84@mail.ru
Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу:
 
Қатысушылар өлеңдерін мына мекен-жайға жіберуі керек: 
Жырларды қабылдауға арналған электронды пошта:  gauxar_koja84@mail.ru
Анықтама байланыс телефондары – 8 (7752) 15-73-83
Мүшәйраға өлеңдер 10 наурызға дейін қабылданады, кешіккен шығармалар қабылданбайды.
Ұйымдастыру алқасы
 
Қосымша 1
 
«ЖЕБЕСІ ЖЕЛМЕН ЖАРЫСҚАН...» атты жазба ақындар  мүшәйрасына қатысушы туралы мәлімет
Автордың толық аты – жөні
Туған жылы, айы, күні
Оқитын оқу орны не жұмыс орны, лауазымы
Мекен-жайы
Байланыс телефоны
Сапалы фото сурет
Шығармашылығы туралы шағын ақпарат
 
http://vk.com/public87350247